500-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды

image.png

    «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі Еңбекші ауданында кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова, аудан әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет, сондай-ақ басқармалар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

   Жергілікті тұрғындар инфрақұрылым, баспана, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Қатысушы мамандар әр азаматты жеке қабылдап, өз құзыреті шеңберінде түсіндірме беріп, тиісті шешу жолдарын ұсынды. Бірқатар мәселелер сол жерде дер кезінде шешілсе, күрделі және қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

    Қабылдау барысында сөз алған Ербол Байқонысов партияның басты мақсаты – халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерді жергілікті жерде шешу екенін атап өтті:

«Бірінші кезекте шалғай елдімекендегі азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, талап тілектерін назарымызға алып, партиялық бақылауға қоямыз. Шалғай елдімекендерде 27 мобильді қабылдау өткізілді. Осы кезеңде 491 азаматтың өтініші тыңдалып, оның 59 пайызы оң шешімін тапты.Көшпелі қабылдаулардың негізгі міндеті – тұрғындардың мәселесін уақытылы естіп, тиісті органдармен бірлесіп жедел шешім қабылдау. Әрбір өтініш біздің бақылауымызда болады», – деді ол.

      Айта кетейік, жыл басынан бері «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында шалғай елдімекендерде 27 мобильді қабылдау өткізген. Осы кезеңде 491 азаматтың өтініші тыңдалып, оның 59 пайызы оң шешімін тапқан.

     Партия өкілдерінің айтуынша, тұрғындармен тікелей кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • 500-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды
  • «Отбасын қолдау орталығы» ашылды
  • Қаржы саласының мамандары – ел экономикасының күзетшілері
  • Жатақхана құрылысы бақылауда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер