Болашақ – ІТ мамандарының қолында

image.png 

    Қазіргі таңда ел экономикасының тұрақты дамуы мен өндіріс саласының өркендеуі білікті жұмысшы кадрлардың еңбегіне тікелей байланысты. Сол себепті Қазақстанда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде айқындалып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыру, жастар арасында техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты күшейту және өндірістік кадрлардың беделін қалыптастыру.

     Жұмысшы мамандықтары – елдің экономикалық қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығының негізі. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик, технолог, тігінші сияқты мамандар – қоғамның барлық саласында еңбек ететін кәсіби тіректер. Жұмысшы мамандықтарының қадірі – елдің болашағының кепілі. Еңбек адамын дәріптеу арқылы қоғамда адал еңбектің, кәсібиліктің, жауапкершіліктің құндылығы артады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – әр саладағы еңбек иелерінің еңбегіне құрмет білдіретін, жастарды нақты кәсіп игеруге ынталандыратын маңызды кезең болып отыр.

     Жұмысшы кадрларды даярлау ісінде кәсіптік-техникалық колледждердің рөлі ерекше. Қазіргі уақытта еліміздің көптеген оқу орындарында дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, студенттер теорияны оқу орнында меңгеріп, тәжірибені өндірісте өтуде. Бұл тәсіл еңбек нарығының талабына сай шебер мамандарды даярлауға жол ашады.

   Осы орайда 2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы және Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласындағы Энергетика және байланыс колледжінде қалалық семинар болып өтті.

    Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқу сапасын арттыру бағыттарын қарастыру. 

   Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде ІТ бағытында кәсіби білім алу – заман талабы. Қазіргі уақытта еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер бағдарламалау, робототехника, киберқауіпсіздік және мәліметтерді талдау сияқты бағыттар бойынша заманауи мамандарды даярлауда. Мемлекет тарапынан «Digital Nation», «Astana Hub», «Цифрлық ұстаз» жобалары іске асырылып, жастарды инновациялық идеялар мен стартаптарға тарту ісі белсенді жүргізілуде. Жиында мамандар осы және өзге де жобаларды талқылады. 

      Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім – теориялық, яғни қонақтар мен педагогтерге цифрландыру мен ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану бойынша баяндамалар ұсынылды, ал практикалық бөлімде – колледж педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті, яғни шеберлік сағаттары мен ашық сабақтарды қонақтардың назарына ұсынды.

Теориялық бөлімде «Сандық техника» бөлімінің меңгерушісі Олжас Мейірбеков өз баяндамасында сабақ берудегі ақпараттық технологиялардың пайдалану тиімділігі туралы сөз саптаса, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры Амангельдиева Айпар өндірістегі цифрландырудың, е-archive электронды ақпараттық жүйесінің маңызын сипаттады. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы  Гүлжан Батыршақызы жасандық интеллект түрлерін қолдану тәсілдерімен бөлісті.

     Практикалық бөлімде өндірістік оқыту шебері Бахтыбаев Ғалымжан  робототехника құзыреттілігі бойынша өз тәжірибесімен бөліссе, арнайы пән оқытушысы Келдебеков Сабыр  ерекше білімді қажет ететін студентпен компьютерлік құрылғыны шашып-жинау шеберлік сабағын көрсетті. Сондай-ақ, арнайы пән оқытушылары Илимшаева Данагүл, Байділдә Жадыра, Мамедалиева Эльмира  ақпараттық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

       Мерекелік семинар концерттік бағдарламамен ұласып, естелікке фотосессиямен аяқталды.

     Айта кетейік, қазіргі заманда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына еніп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты тетігіне айналды. Осыған орай жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – ІТ саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандардың қажырлы еңбегіне деген құрмет пен алғыс күні. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – тек кәсіби мереке емес, елдің болашағына үлес қосып жүрген ақыл мен жаңашылдық иелеріне көрсетілген ерекше құрмет.

Бүгінгі ІТ мамандары – инновацияның қозғаушы күші, ал олардың еңбегі – Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастыратын маңызды фактор.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мамандық таңдау - маңызды қадам!
  • Студенттер «Asia Trafo» зауытына экскурсия жасады
  • КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ
  • ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: "ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НА
  • Болашақ – ІТ мамандарының қолында
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер