Еңбек адамдарына құрметі ерекше жан

image.png

Әлеуметтік әріптестік пен өзара ынтымақтастықтың дамуы – еңбек қатынастарындағы тұрақтылықтың кепілі. Осы бағыттағы нәтижелі еңбегі мен әлеуметтік әріптестік мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «ТТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейірхан Пирназаров Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты салтанатты түрде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, «Ынтымақ» салалық кәсіподағының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев табыстады.

Бұл марапат – кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы өзара сенім мен сыйластықтың айғағы. «ТТК» компаниясы жылдар бойы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік мәдениетті арттыру бағытында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

Мейірхан Мейтханұлы басқаратын ұжымда әлеуметтік әріптестік қағидаттары нақты іспен дәлелденіп, қызметкерлердің мүддесі мен құқықтары үнемі қорғалып келеді.

Компанияда әділ еңбек қатынастары қалыптасып, ұжымдық келісімшарт талаптары тиімді жүзеге асырылуда.

Бауыржан Алтеев марапатты табыстай отырып, еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамалардың маңызын атап өтті: «Әлеуметтік әріптестік – тұрақтылықтың негізі. Кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің өзара түсіністігі мен серіктестігі – өндірістің дамуы мен қызметкерлердің әл-ауқатының кепілі. Мейірхан Мейтханұлына және барлық көлік саласы қызметкерлеріне еңбекте табыс, жаңа жетістіктер мен абырой тілейміз!», – деді ол.

«ТТК» компаниясының еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымының ынтымақты еңбегі – ел экономикасының тұрақтылығына қосылған сүбелі үлес. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ
  • ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: "ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НА
  • Денсаулық сақтау саласындағы қажырлы маман
  • Казахстан и Россия: Стратегическое партнёрство, проверенное временем
  • Касым-Жомарт Токаев: "Вечная дружба — путеводная звезда для наших наших государств и народов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер