Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды

image.png

Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. 

Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды. 

Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақ¬станмен көпжоспарлы кеңейтіл¬ген стратегиялық серіктестікті дамы¬туға ниетті екенін растады.

Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммер¬циялық келісімдерге қол қойылды.

Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәсе¬лелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кейінгі жылдары екі жақты тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард долларға жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын біздің кеніштер қамтамасыз етіп отыр. Ал инвестицияның жайы мүлдем бөлек. АҚШ Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвестор. Президент Вашингтон қаржысына экономикамыздың қозғаушы күші деген баға берді. Қазір елде 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді. Президенттің осы сапарынан кейін бұл көрсеткіш тағы ұлғаятын сыңайлы. 

Қазақстан-АҚШ байланысы :Тауар айналымы - $5 млрд,  өсім - 25%,  АҚШ инвестициясы - $100 млрд. 

- Сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасты. Жалпы Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады. Американдық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырамын. Тіпті өзім қолдау көрсетемін»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өз кезегінде Дональд Трамп серіктестікке серпін беруге мүдделі екенін растады. 

- Орталық Азия елдері арқылы бір кездері шығыс пен батысты байланыстырған ежелгі Жібек жолы өтті. Бұл ұлы әрі керемет тарих. Бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасуы аймақ елдеріне ерекше маңыз бен ауқымды әлеует береді. Айтпақшы, бұл өте бай өңір. Мен әрбір елдің АҚШ-пен ынтымақтастығын бұрынғыдан да арттыруға күш саламын»,- деді АҚШ Президенті Дональд Трамп. 

   Осымен Президенттің Вашингтонға сапары тәмам. Мемлекет басшысының жұмыс кестесі тығыз болды. Нәтижесінде саяси серіктестік те, экономикалық байланыс та беки түсті. Екі күндік сапардың елге 17 млрд доллар әкелуінің өзі жемісті жұмысты білдірсе керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министірімен телефон арқылы сөйлесті
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер