Бадам аймағындағы су жағалауы нығайтылуда

image.png    

Шымкент — Қазақстанның үшінші ірі қаласы және оңтүстік аймақтың маңызды экономикалық, мәдени орталығы. Қаланың географиялық орналасуы мен үдемелі дамуы төтенше жағдайларға ұшырау қаупін арттырады. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі Шымкент қаласы үшін өзекті әрі маңызды бағыт болып табылады. Шымкентте су тасқыны қаупі жоғары аудандар бар. Қала аумағында орналасқан өзендердің жағалауы инфрақұрылымдық тұрғыдан толық қорғалмаған, бұл су тасқынының жиі қайталануына әкеледі. 2022 жылы су тасқыны жағдайлары 10%-ға көбейді, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсер етті. 2025 жылға қарай Шымкент қаласында төтенше жағдайлар санын 5%-ға азайту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде байқалады.  Ағымдағы  жылы су тасқыны қаупі 18%-ға төмендейді деп күтілуде. Бұл қалада су тасқынына қарсы бөгеттерді күшейту, арық жүйелерін кеңейту және экологиялық бақылауды жетілдіру арқылы жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңейтіледі. Мамандардың айтуынша  2023 жылы салынған бөгеттер мен арықтар су тасқыны қаупін 12%-ға төмендеткен болса, биылғы жылы қосымша инженерлік жобалар іске асырылып, бұл көрсеткіш 18%-ға жетпек.

   Осы орайда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһар аумағындағы су жағалауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гидротехникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мысалы, «Hydrolife 2050» ЖШС мердігер мекемесі Бадам-2 аймағында өзен дамбасын нығайтып, жағалауды бекітіп келеді.

    Мұндағы мамандар жұмысты арнайы техникамен атқаруда. Атап айтқанда құрылыс алаңына шынжыр табанды және дөңгелекті экскаваторлар, таптағыш, жүк тиегіш, сүргіш техника мен ауыр жүк көліктері, трактор – жалпы саны 16 арнайы техника жұмылдырылған.

    Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңінде өзеннің оң жағалауы нығайтылып жатыр. Алдымен дамба еңісі жоспарланып, арматура қаңқасы әзірленеді, одан кейін бетон құйылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес, тиісті талаптар қатаң сақтала отырып атқарылуда. Жобаның негізгі мақсаты – су тасуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

     «Бадам өзені» – Шымкент қаласының маңында өтетін су айдыны, су қорғау аймақтары мен жергілікті су объектілерінің қатарына енген. Қала құжаттары бойынша Бадам өзенінің бойына белгілі өлшемдерде су қорғау белдеулері белгіленген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпорындарда цифрландыру және технологиялық жаңғырту жұмыстары басталды
  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер