Адал еңбектің құны жоғары

image.png

«Әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді». Бұл – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан сөзінің бірі. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген Президент осы құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығын айтты. «Адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, та¬бысқа жетудің кілті, мемлекет осы басты қағидат барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды», деген Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр.Ия, расында да адал еңбекпен нәпақасын тауып отырған жандар шын мәнінде отбасын асыраушы ғана емес еліміздің экономикасына үлес қосушылар. Себебі еңбек еткен әрбір адам – мемлекетті алға жетелейді. Елімізде еңбек етіп жүрген әрбір тұрғынды елдің негізгі қозғаушы күші десек те болады. 

Сондай жанның бірі - Садуов Айнабай Қабылұлы – техникалық салада талай жылдық тәжірибесі бар, өз ісіне берілген, еңбекқор маман. Оның жалпы еңбек өтілі – 9 жыл.

Айнабай Қабылұлы 1970–1980 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Карл Маркс совхозында орналасқан У.Түктібаев атындағы №24 орта мектепте білім алды. Мектеп қабырғасынан-ақ еңбексүйгіштігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

1984–2000 жылдары Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеп, өндірістің әр саласында тәжірибе жинақтады. Осы жылдар аралығында ол слесарь, шаң жинау қондырғысының операторы, аппаратшы және гидрометаллург қызметтерін атқарып, өндіріс процесінің қауіпсіз әрі тиімді жүруіне зор үлес қосты.

Кейін 2012–2016 жылдары «3-Энергоорталық» АҚ-да 3-дәрежелі от жағушы қазандық машинисті болып еңбек етті. Өз мамандығына деген адалдығы мен ұқыптылығының арқасында әріптестері мен басшылықтың сеніміне ие болды.

2016 жылдан бастап «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің №5 аудандық бөлімшесінде сорғы қондырғыларының 3-дәрежелі машинисті қызметін атқарып келеді. Ол өз ісінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, жылу жүйелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуіне айтарлықтай үлес қосып жүр.

Айнабай Қабылұлы – еңбек ұжымының сыйлы мүшесі. Жұмысқа деген жауапкершілігі, ұқыптылығы және тәжірибесі жас мамандар үшін үлгі.

Оның өмірлік ұстанымы – “Адал еңбек – абыройдың бастауы”. Осындай еңбегі еленген азаматтар – еліміздің дамуы мен халық игілігінің негізгі тірегі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде
  • Адал еңбектің құны жоғары
  • Специалисты пищевого производства востребованы всегда
  • Когда работа в удовольствие
  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер