Қала тұрғындары қысқа дайын!

image.png

        Қыстың қамын жазда ойла! Шымкент қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы сәтті басталып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда. МӨББ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Р.Ордабек брифингте тұрғындарға ағымдағы жылыту маусымында улы газдан улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады. Бұл профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізілгенінің дәлелі.

       Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімовпен «2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының жоспары» ресми түрде бекітілген. Жоспарға сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар – көп балалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты зейнеткерлер арнайы есепке алынған. Аудандық әкімдіктердің деректеріне қарағанда, осындай 1 073 отбасы тіркелген: Абай ауданында – 280, Әл-Фараби – 62, Еңбекші – 370, Қаратау – 129, Тұран – 232.

      Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында осал топтағы отбасылар араланған. Нәтижесінде 901 үйге кіріс жасалған, 109 үйге кіру мүмкін болмаған, 63 үйде адам болмаған. Аралау барысында 5 895 адам өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарымен қамтылған.

       Жылыту маусымы басталғалы 10 767 тұрғын үй араланып, 25 683 адамға газдан улану мен өрт қауіпсіздігі бойынша ақпарат беріліпті. Сонымен қатар, 88 дана газоанализатор орнатылып, 40-тан астам үйдің түтін мұржалары тазартылған. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

     Ақпараттық қолдау да назардан тыс қалмаған. Қаладағы LED экрандарда қысқа бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілген. Оларды «Отау», «BuyPark», «Mega», «ЦУМ», «Shymkent Plaza», «Фиркан city», «Мечта.kz», «Shymkent City Mall», «Diamond Plaza», «Наурыз парк», «Heper haus», «Аль-Фараби» сауда ойын-сауық орталықтарында көруге болады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде оқушылар мен студенттерге 18 рет ашық сабақтар өткізілген. Танымдық бейнероликтер арқылы балалар мен жастар өрт қауіпсіздігі мен улы газдан сақтану ережелерін үйренген.

       Департамент қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы», «Қауіпсіз сауда», «Оттан сақ бол», «Қауіпсіз мұржа», «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» сияқты акцияларды ұйымдастырған. Бұл іс-шаралар тұрғындарды өрт пен улы газдан қорғауға үйретіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Шымкентте жылыту маусымына дайындық пен профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың тыныш өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе осал топтағы отбасыларға ерекше көңіл бөлініп, үйлеріндегі газ және электр жабдықтарының қауіпсіздігі қадағаланып отыр. Қала әкімдігі мен МӨББ бірлесіп жұмыс істей отырып, тұрғындарға ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуде. Тұрғындар бұл шараларды бағалай отырып, өз үйлерінде қауіпсіздікті сақтап, қыс мезгілін сенімді және жайлы өткізе алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер