Табиғи бренд

      Соңғы жылдары адамдардың табиғи өнімге деген қызығушылығы күрт артты. Экологиялық таза тағам мен табиғи косметика  денсаулық кепіліне айналды. Ал мұндай өнімдердің дәл өзіміздің Шымкентте өндірілетінін көпшілік біле бермейді. Әл-Фараби ауданында орналасқан «PHYTO-APIPHARM» ЖШС табиғаттың байлығын пайдаланып, адам саулығына қызмет етіп жүрген ерекше кәсіпорын.

image.png

          Бұл зауытта жасанды қоспасыз, табиғи шикізаттан тағамдық және косметикалық өнімдер шығарылады. Бал мен дәрілік өсімдіктер, майлы шөптер сығындылары, олардың басты компоненттері. Сондықтан мұндағы бальзам, май, крем мен түрлі қоспалар тек сыртқы сұлулық үшін емес, ішкі саулықты жақсартуға бағытталған. Әрбір өнімнің артында ғылыми тәсіл мен сапалы өңдеу процесі тұр.

           Кәсіпорында бүгінде 100-ге жуық маман еңбек етеді. Олардың қатарында технологтар, биологтар, фармацевтер және зертханашылар бар. Әрқайсысы өз ісіне жан-тәнімен берілген. Өндірістік желі заманауи автоматтандырылған жүйемен жабдықталған, ал әрбір дайын өнім сапа бақылауынан өтпейінше, сөреге жол тартпайды.

          «PHYTO-APIPHARM» бренді бүгінде тек Шымкентте ғана емес, еліміздің бірнеше өңірінде үлкен сұранысқа ие. Халық отандық өнімнің табиғилығына көз жеткізген соң, шетелдік тауардан гөрі өзіміздің өндірушілерге сенім білдіре бастады. Бұл  компания үшін үлкен жетістік әрі халықтың саналы таңдауының көрінісі.

         Компания басшылығы алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жаңа өндіріс ғимаратының құрылысы қолға алынған. Бұл жоба іске асса, қосымша жұмыс орындары ашылып, өнім түрлері көбейеді. Мұндай бастамалар қала экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

         Еске сала кетсек, кәсіпорынның жетістіктермен танысу мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өндіріс орнына  арнайы барған еді. Әкім зауыттың жұмыс барысын аралап, қызметкерлермен тілдескен болатын. Ол табиғи өнім шығаратын кәсіпорындардың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

        «PHYTO-APIPHARM» – ғылыми ізденіс пен табиғи ресурсты ұштастыра білген шымкенттік кәсіпорын. Ол өнім сапасымен ғана емес, өз еңбегі арқылы қоғамға пайда әкеліп жүргенімен де ерекшеленеді.

     Осындай өндірістердің арқасында Шымкент бүгінде сауда мен қызмет көрсету қаласы ғана емес, табиғи әрі инновациялық өнім шығаратын орталыққа айналып келеді. «PHYTO-APIPHARM» – сол өзгерістің жарқын көрінісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер