Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз еңбек адамы дегеніміз кім екенін пайымдап, «бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деген болатын. Еңбек адамы – ел болашағының иесі. Оның адал еңбегі, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі – мемлекет дамуының берік негізі. Сондықтан әрбір азамат еңбек адамын құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға және солардың ізгі жолын жалғастыруға міндетті. Еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлесін қосып жүрген жандарды білуі қажет.

Осы орайда 25 қазан – Республика күні қарсаңында Еңбекші ауданының әкімдігі ауданның ардақты азаматтарын жинап, ұлттық мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

 Салтанатты жиын Жастар ресурстық орталығында өтті. Шарада Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, 15 сала бойынша үздіктер марапатталды. Аудан әкімі Досбол Есілбеков жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.

Бүгінгі кеште биология пәнінің мұғалімі Салтанат Сеңгірбаеваның да еңбегі еленіп, марапат алды. «25 қазан – Республика күні құтты болсын! Еліміз аман болсын! Көк туымыз жоғарыда желбірей берсін. Еңбекші ауданы бойынша “Ең үздік мұғалім” аталымын алып отырмын. Рақмет! Еліміз тыныш болсын!»,- дейді ағынан жарылған марапат иесі. 

Мерекелік шарада ауданның жылдық жетістіктері де сараланды. Биыл Еңбекші ауданында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, шеткі елдімекендер ауыз су, газ және жолмен қамтылды.

 «Еңбекші ауданы әкімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында 25 қазан – Республика күні және “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияның” қабылданғанына 35 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті. Ауданымыздың дамуына үлес қосқан 15 сала үздігі марапатталды»,- дейді  Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Ақпан Уәлиханов. 

Салтанатты жиында қалалық мәдениет мекемелерінің өнер ұжымдары сахнада өнер көрсетіп, мерекенің көркін аша түсті.

"Еңбек - адамның көркі, адам - заманның көркі" дейді халық даналығы. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Сондықтан барша еңбек адамы қоғамның бар құрметіне лайық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданының сала үздіктері марапатталды
  • Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі
  • Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт салынады
  • Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
  • Сарапшылар Шымкенттегі өзекті мәселелерді талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер