Президент Жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі транзиттік аймақ ретіндегі мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Жол инфрақұрылымын жетілдіру және ауыр салмақтағы жүк көліктерінің қозғалысын бақылау мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары іске қосылып жатыр. Бұл шаралар еліміздің транзиттік әлеуетін арттырумен қатар, автожолдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Президенттің бастамалары көлік және логистика саласын жаңа деңгейге көтеріп, экономикалық өсім мен өңірлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ  Жолдауында еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші.

Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері бұдан да кең. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей шығуға болады. Ал «Шығыс – Батыс» бағыты мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында еліміз Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретінде одан әрі маңызды рөл атқармақ.

Президент жол салу мен жөндеуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жаңартылып жатыр. Әсіресе, «Сексеуіл–Бейнеу» жолының құрылысын жеделдету қажет. Бұл бағыт іске қосылған жағдайда, Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімі үштен бірге қысқарады.

Көлік-логистика – тек инфрақұрылым емес, ол – экономиканың күретамыры. Қазақстан үшін бұл – инвестиция, жұмыс орындары және жаһандық нарықпен терең интеграцияға апарар жол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер