Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі

image.png

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың қажырлы еңбегіне тікелей байланысты. Олар — елдің индустриялық қуатын арттырып, қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосып жүрген қарапайым еңбек адамдары. Жұмысшы мамандар — өндіріс процесінің басты қозғаушы күші. Зауыттар мен фабрикаларда, энергетикалық және құрылыс нысандарында, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларында мыңдаған азамат күн сайын өз міндетін абыроймен атқаруда.

Механик, электрик, дәнекерлеуші, слесарь, кран жүргізушісі, токарь, оператор — осындай мамандардың әрқайсысы елдің өндірістік жүйесінде маңызды орын алады. Олардың еңбегі арқылы қалалар жарықпен, жылумен қамтамасыз етіледі, құрылыс пен өндіріс дамиды, жаңа өнімдер шығарылады. Еңбегі қажырлы осындай маманның бірі -  Салманов Рафет Шавкатұлы. Ол  насос қондырғыларының машинисті ретінде он жылға жуық тәжірибесі бар жауапты әрі шебер маман. Қазіргі уақытта ол «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің №1 аудандық бөлімшесінде өндіріс процесінің үздіксіз жүруіне үлкен үлес қосып келеді.

Еңбек жолын 2007 жылы «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-де слесарь-сантехник болып бастаған Рафет мырза өзінің техникалық біліктілігі мен еңбекқорлығын дәлелдеді.

2015 жылдан бері «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде сорғы қондырғыларының машинисті қызметін атқарып, кәсіби жауапкершілігі мен тиянақтылығымен ерекшеленеді.

Әріптестері арасында сыйлы, еңбекке адал Рафет Шавкатұлы – өнеркәсіптің сенімді тірегі. Еңбек адамы — еліміздің экономикалық қуатының негізі. Сондықтан жұмысшы мамандарды қолдау, олардың еңбегін бағалау — қоғамның басты міндеті. Өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген әр жұмысшы — мемлекеттің іргетасын берік ұстап тұрған тұлға. Олардың адалдығы, кәсібилігі мен табандылығы Қазақстанның болашақ дамуының кепілі болып қала береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер