Тәжірибемен шыңдалған маман

  image.png 

 Қазақ халқы ежелден еңбекті ерекше құрмет тұтқан. «Еңбегімен ер сыйлы» немесе «Еңбек түбі – береке» деген халық даналығы еңбектің мәнін терең түсіндіріп берген. Бүгінде бұл ұстаным өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қайта, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті ел болудың басты шарты – еңбек мәдениетін дәріптеу, еңбек адамына жағдай жасау және оны қоғамның басты кейіпкеріне айналдыру болып отыр.

     Көзге көп көріне бермейтін, бірақ оларсыз халықтың тұрмыс-тіршілігін елестетуге болмайтын мамандықтар бар. Олардың бірі – слесарь жұмысы. Асқан шеберлік пен қажырлы еңбекті қажет ететін бұл мамандық иелерін – нағыз еңбек адамдары деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деп атап өтті. 

   «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының реттеу бөлімінде 4-дәрежелі слесарь қызметін атқарып жүрген Бурханов Марат Сабырұлы – техникалық білімі мен еңбек тәжірибесі мол, өз ісіне адал маман.

     Марат Сабырұлы 1985–1988 жылдары Шымкент қаласындағы СПТУ-11 кәсіптік-техникалық училищесінде білім алып, машинист-экскаваторшы мамандығын меңгерді. Алған білімі мен машығын жетілдіру жолында ұзақ жылдар бойы түрлі өндірістік салаларда еңбек етіп, тәжірибе жинақтады.

    2018 жылдан бастап «Қуатжылуорталық-3» МКК-де слесарь ретінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мекемедегі еңбек өтілі 7 жыл. Осы уақыт аралығында ол өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты орындап, ұжымда сенім мен сый-құрметке ие болды.

    Тыныш, бірақ нәтижелі еңбегімен көзге түсіп жүрген Марат Сабырұлы – жұмыстың қауіпсіздігі мен сапасына ерекше мән беретін, кәсіби жауапкершілігі жоғары қызметкер. Оның мамандығына деген адалдығы мен техникалық дайындық деңгейі – жас буынға үлгі боларлық.

Еңбек адамы – қашанда елдің құты. Шалқалап жатып, шалқып өмір сүрсем деп, қиялдағаннан қарын тоймайды. Расында да байлық та, бақыт та адал еңбек, маңдай тердің арқасында келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер