Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды

image.png

Тұрғындармен тікелей кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, тиімді шешім қабылдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы орайда Шымкент қаласында азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу және мемлекеттік органдармен кері байланысты нығайту мақсатында AMANAT партиясының қалалық филиалы Қаратау ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен аудан әкімдігінің мамандары қатысып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

Көшпелі қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел анықтап, тиісті сала мамандарының қатысуымен тиімді шешу жолдарын ұсыну. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, шалғай аймақ тұрғындарының партиямен тікелей байланысын қамтамасыз ету де басты назарда болды.

Қабылдау барысында Қайтпас-1 шағынауданының тұрғындары коммуналдық қызметтердің сапасына, жарықтандыру жүйесінің істен шығуына және қоқыс шығару қызметтерінің уақытылы көрсетілмеуіне қатысты бірқатар шағымдарын жеткізді. Мәселен, Қызылқайың көшесінің тұрғыны Бақдәулет Спатаев аталған көшеде қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы жиналмайтынын және көше шамдарының бірнеше айдан бері істемей тұрғанын мәлімдеді.

Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай көшпелі қабылдаулардың маңызы зор. Себебі азаматтар күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін дер кезінде жеткізе алады. Тұрғындардың пікірін тыңдау арқылы билік пен халық арасындағы байланыс нығайып, шешімін күткен түйткілдер жедел қаралады.

Айта кетейік, тұрғындардың әлеуметтік және тұрмыстық түйткілдерін шешуге бағытталған «Құқықтық көмек» жобасы тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында биылғы жылдың басынан бері Шымкент қаласында 23 мобильді қабылдау ұйымдастырылып, 500-ге жуық азаматтың өтініші тіркелген.

Мұндай форматтағы қабылдаулар азаматтардың өзекті мәселелерін тікелей жеткізуіне және уақтылы жауап алуына мүмкіндік береді.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да мұндай қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырып, халықтың өтініші мен ұсынысының орындалуына тікелей бақылау жүргізетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер