Шымкент қаласының әкімі бірқатар инфрақұрылымдық жобалармен танысты

image.png

Шымкент қаласының әкімі кезекті аралау барысында Назарбеков және Бөлешов көшелерінде салынып жатқан тез тұрғызылатын модульдік спорт нысандарының жобасымен танысты. Аталған жобаны «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты — қала тұрғындарына спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырып, бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Сонымен қатар әкім Қаратау ауданында орналасқан Алтынсарин көшесі мен А-2 айналма жолының (VI кезең) қайта құру жұмыстарының барысын бақылап шықты.  Алтынсарин көшесін екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту – қала ішіндегі қозғалысты жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгеріс ең алдымен Бәйдібек би даңғылының көлік жүктемесін азайтып, шағынаудандар арасындағы байланысты жақсартады. Әкім мердігер ұйымға жұмысты бекітілген мерзімде, сапалы және қауіпсіз түрде аяқтауды қатаң тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайту қажеттігін еске салды. Қалада жол инфрақұрылымын жаңғырту және көлік қатынасын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

   Өткен жылы қалада  жылы ұзындығы 20,1 шақырымды құрайтын 4 негізгі көше пайдалануға берілгенін айта кетейік. Олар: А-2 айналма жолын қайта құрудың 4-кезеңі; Өтегенов көшесінің жалғасының 1 және 2-кезектері; Оңтүстік айналма жолы. Ағымдағы  жылы көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 42,4 шақырымды құрайтын 19 ірі жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында: Қонаев даңғылының жалғасы бар.  Жалпы ұзындығы – 16,3 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2 және 5-кезеңдерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2-кезеңді аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ А-2 автомобиль жолын қайта құру жобасы бар.  Жалпы ұзындығы – 28,2 шақырым, жоба 8 кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда 5, 6, 7 және 8-кезеңдердің құрылысы жүргізілуде. Биыл 6, 7 және 8-кезеңдерді аяқтап, пайдалануға беру көзделген.

Бұдан бөлек, қала басшысы «Қарасу» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау шараларын тексерді. Жауапты мекемелерге барлық қажетті дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, жылыту маусымының дер кезінде басталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Шымкент қаласының инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді. Қаланың әлеуметтік және инженерлік желілерін жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалар нақты нәтижеге айналды. Қала әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмысы барынша көрінді. Биылғы жылдың 8 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2024 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 31 %-ға өсті, яғни инвестиция 360 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл қаржы құрылыс, жол инфрақұрылымын және инженерлік жүйелерді жаңғыртуға бағытталды. Алғашқы тоқсанда сегіз облыс бойынша Шымкентте 50 54 % өсім байқалды, бұл реформалардың тиімділігін көрсетеді. Қала тұрғындарының тұрмыстық және демалыс жағдайларын жақсарту аясында 33 әлеуметтік объект іске асуда. Оның ішінде: 18 балалар алаңы, 13 спорт  3 гүлзар, 2 қоғамдық демалыс орны құрылыс жұмыстары басталған. Бұл нысандар тұрғындар үшін ашық әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, қаланың көркемдігі мен қоғамдық орта сапасын көтеруге бағытталған. 2025 жылдың алғашқы 8 айының қорытындылары Шымкент қаласы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Инвестиция көлеміндегі өсім, жаңа тұрғын үйлердің, инженерлік желілердің және әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқыны — экономикалық өсімді қолдап, халық өмірінің сапасын арттыруға негіз болды. Көрсеткіштер стратегиялық бағыттардың табысты жүзеге асырылып жатқанын айғақтайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шағын және орта бизнес көлемі өсуде
  • Салық реформасы – экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі
  • Тәртіп пен талапты жоғары қоятын маман
  • Жүректерге жылулық сыйлаған жан
  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер