Шағын және орта бизнес көлемі өсуде

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы жылдардағы стратегиялық даму бағытын айқындап, кәсіпкерлікке ерекше назар аударды. Жолдауда айтылған бастамалар еліміздегі бизнес ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктердің есігін айқара ашатыны сөзсіз. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Сондықтан әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік органдардың жұмысын «бизнеске қызмет көрсету» қағидасына көшіру міндеті қойылды. Ендігі жерде кәсіпкерлерге түсінікті ережелер қалыптасып, олардың құқықтарын қорғау тетіктері күшеймек. Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жеткені аймақ экономикасының тұрақты дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

    Мамандардың дерегіне сүйенсек 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға артты. Аталған кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға ұлғайды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті.

Қазіргі таңда қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында бар 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары енгізіліп, қалада жалпы 7 өндірістік алаң қызмет көрсетуде.

2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын 212 жоба арқылы инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылады. Ірі жобалардың қатарында түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компанияларының заманауи жылыжай кешендері, отандық «Intertrans» ЖШС-нің алкилат пен полипропилен өндірісі және қытайлық «Shaanxi Construction Kazakhstan» ЖШС-нің қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шағын және орта бизнес көлемі өсуде
  • Салық реформасы – экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі
  • Тәртіп пен талапты жоғары қоятын маман
  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Өндірісті өрге сүйреген маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер