Салық реформасы – экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі

image.png

     Салық – мемлекеттiң өмiр сүруi мен дамуының негiзi. Мемлекеттік құрылымның өзгеруi мен өркендеуi, оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен бiрге қалыптасады. Қазақстанда салық саясаты мен салық тетігінің тиімділігін арттыру – елдің экономикалық дамуы үшін өте маңызды болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін Салық кодексін жеңілдету, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салықтық бақылауды күшейту, салық төлеушіде «Салық мәдениетін» қалыптастыру, салық төлеушінің білім деңгейін көтеру, салық саясатында ашықтықты арттыру, мемлекеттік мекемелердің арасындағы үйлесімділікті жандандыру,  салықтың түрлерін оңтайландыруды жақсарту қажет.

     Осы орайда  Шымкент қаласында Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, сондай-ақ Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыттарын және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру.

Кеңес Қаратау ауданы әкімдігінің ғимаратында ұйымдастырылды. Кездесуге Энергетика вице-министрі Қуанышбек Тұтқышбаев, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жандос Нұржанов, Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ербол Жаутікбаев, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті басқармасының басшысы Сейітжан Нұртаза қатысты.

     Сонымен қатар, шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік құрылымдардың өкілдері де шақырылды.

       Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Еділ Әзімшайық жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған құжат салық жүйесін оңайлату мен экономикалық белсенділікті ынталандыруға бағытталған.

Жаңа кодексте бірқатар жүйелі өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда: салықтық есептілікті 30%-ға қысқарту, салық түрлерінің санын 20%-ға азайту, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру, сараланған салық ставкаларын енгізу, инвестициялық белсенділікті қолдау, сән-салтанат бұйымдарына салықтық жүктемені арттыру.

     Кездесу барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Министрлік өкілдері кәсіпкерлік қызметті дамыту жолындағы өзекті мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, кері байланыс орнатуға баса назар аударды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шағын және орта бизнес көлемі өсуде
  • Салық реформасы – экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі
  • Тәртіп пен талапты жоғары қоятын маман
  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Өндірісті өрге сүйреген маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер