Суретші-бутафор – ерекше мамандық

image.png      

Қуыршақ театры – шынайы сезімді, үлкен еңбекті талап ететін ерекше өнер кеңістігі. Бұл жерде әр қимыл, әр үн – көрерменнің көңіл төріне жол табатын нәзік көпір іспетті. Қуыршақты жай ғана қозғалтпай, оған өмір, мінез, жан бітіру – тек нағыз өнер иелерінің қолынан келетін іс. Қуыршақты сөйлететін әртістер болса, оны жасайтын суретші-бутафорлар. Ия, осындай қызық әрі сирек мамандықтың иесі – Талғат Серікбаев. Шымкент қалалық қуыршақ театрындағы қуыршақтардың  барлығы осы қызметкердің қолынан шығады. 

Мұндағы қуыршақ жасайтын цех екі бөліктен тұрады. Бірі – шеберхана болса, екіншісі – тігінхана. Шеберханада қуыршақтың қаңқасы мен тұрпат-пошымы жасалып шықса, тігінханада қуыршақтың киімдері тігіледі. Дайын қуыршақтарды сәндеп, эскизге сәйкес небір киімдер тігіп, апликациялар жасап, сахна ширмаларына дейін дайындап беретін бесаспап тігіншілердің жұмысы.

«Қуыршақты жасап шығаруға бір адам ғана жауапты болмайды. Сол себептен көпшіліктің ат салысуын қажет етеді. Қоюшы-суретші қуыршақтың сұлбасын әзірлейді. Қосымша тігінші қыздарымыз бар. Олар киімдеріне аса мән береді. Біздің қуыршақ цехында 2 шебер бар. Біріміз кеудесін ойсақ, енді біріміз бет-пішінін әзірлейміз. Барлығымыздың  ойымыз бір жерге тоғысқанда, қуыршақ сәтті шығады. Сол себептен өзара көзқарасымызды білдіріп, қуыршаққа бірігіп жан бітіреміз. Бізге қуыршақтың ең қиын болатын сәті –оның бас сұлбасы. Кей қуыршақтарда бас үлкен болады, енді бірінде кішікентай болады. Сол себептен басымен жасалу техникасына аса ыждаһаттылық танытамыз. Мұндағы ең бастысы кейіпкеодің мінезін бере білу. Мысалы қу, айлакер немесе аушлы, керісінше мейірімді кейіпті жасап шығаруымыз керек»,- дейді суретші-бутафор. 

     Қуыршақ театрында 8 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміз бұл мамандық қол еңбегін, шыдамдылық пен шығармашылықты қатар талап етеді дейді. 

 «Жылына 4-5 спектакль дайындаймыз. Сол спектакльдердегі барлық қуыршақтарды, яғни кейіпкерлерді жасап шығарамыз. Талғат деген тағы бір әріптесім бар. Сынған, істен шығып қалған қуыршақтарды да қайтадан қалпына келтірміз. Қайта қалпына келтіргеннен кейін қойылымға оралады. Актер зейнетке шықса да, қуыршақ театр сахнасынан кетпейді.  Қойылымға немерелерімді  әкелуге тырысамын. Кейде біздің әртістер бала-бақшаларға барып, өздері қойылым қойып кетеді»,- дейді кейіпкеріміз. 

      Талғат Серікбаев театр өнері өшпесе  суретші-бутофор мамандығы сұраныстан түспейтінін айтады. Сондықтан жастарды осы бір қызықты, ерекше маман иесі болуға шақырды.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Өндірісті өрге сүйреген маман
  • Гүлдің бабын тапқан бағбан
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер