Елдегі кәсіптік-техникалық колледждер мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқытады. Мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті пайдаланып, білім алған жастар бәсекеге қабілетті болып, еңбек нарығында өз орнын табуға тиіс. Сол тұрғыда кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдар теориялық дәрістерден бөлек, өндірістік тәжірибеге көп көңіл бөледі. Кәсіпорындармен бірлесіп, өңірдің өндірістік әлеуетіне қарай, сұранысқа сай маман даярлауға бағыт ұстауға тырысады.
Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжді жұмысшы мамандарды даярлап келе жатқан тарихы тереңде жатқан колледждердің бірі. Оқу орны теория мен тәжірибені ұштастырған дуальды оқыту жүйесі бойынша білім береді. Яғни колледжі студенттері өз мамандықтары бойынша қаладағы әріптестік байланыс орнатылған мекемелерге барып, тікелей өндірісті көріп, жұмыс
Барысын бақылап, еңбекке араласуға мүмкін алған. Жаңа оқу жылы басталғалы бері студенттер практика жұмыстарына кірісіп кетті. Айталық колледждің 3-курс студенттері қаламыздағы өндіріс орындарында тәжірибе жинақтап жатыр. Атап айтқанда, токарьлық іс мамандығының ТК23-31р тобы студенттері «Гайпов» шағын кәсіпорнында өндірістік практикадан өтуде. Мұнда студенттер токарьлық станоктарда нақты өнімдер жасап, кәсіби машықтарын шыңдауда.
Өндірістік оқыту шебері Төреханов Дәулет Нұрланұлы студенттерді кәсіпорынға орналастырып, тәжірибе барысында тәлімгер тағайындалған. Колледждің аға шебері Ержанов Дәурен практика барысын қадағалап, студенттердің алғашқы нәтижелерімен танысып қайтты. «Біз болашақ токарь мамандарымыздың тәжірибе арқылы шыңдалып, ел дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдіміз!» дейді өндірістік оқу шеберлері.
Ал автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының 3-курс АЭ23-33к тобының студенттері автокөлікке қызмет көрсету орталығында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік оқыту шебері Есқараев Қайсарбек Асқарұлы студенттердің тәжірибеден өту барысын күнделікті бақылап, мамандыққа қатысты дағдыларын жетілдіруге жетекшілік етуде.
Мұндай өндірістік тәжірибенің мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман даярлау. Нәтижесінде студенттер нақты өндірістік жағдайларда жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын қалыптастыруда.