Кітапхана саласының үздіктері марапатталды

image.png

Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы бұл өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Жұмысшы мамандардың ішінде кітапханашылардың рөлі ерекше. Себебі олар білімнің шырақшысы. Қазіргі таңда мәртебесі артып келе жатқан кітапханашылардың кәсібіи біліктілігін арттыруға аса мән берілуде. Осы мақсатта Шымкентте кітапхана ісінің майталмандары бас қосты. Пушкин кітапханасында өткен Қазақстандық Кітапханалар Одағының көшпелі отырысына Республиканың түкпір-түкпірінен кітапханашылар жиналды. Олар саладағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ, ЖИ көмегі арқылы әлеуметтік-мәдени қызметті күшейту барысын талқылап, тәжірибе алмасты.

 Шымкент қаласында 6 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қарамағында 43 филиал бар. Осы жиында әр кітапхана өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллектті кітапхана ісіне енгізу, кітап қорын цифрландыру, болашақта жастарға білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды

 «Біздің тарихымыздың құнды құжаттары мен бай қазынасы – кітапханаларда сақтаулы. Сондықтан кітапханаларды дамыту қажеттігін бұған дейін де атап өткенбіз. Осы орайда Шымкент қаласында Қостанай және Қарағанды облыстарымен бірге кітап оқуды насихаттауға арналған пилоттық жобаны «AMANAT» партиясымен бірлесе қолға алдық. Бұл бастама өз кезегінде оң нәтижесін береді деп сенеміз»,-деді жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек. 

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен кітапхана саласының мамандары келді. Олар тек өз тәжірибесі мен жетістіктерін ортаға салып қана қоймай, ортақ мәселелерді бірге пікір алмасты.

 «Бұл іс шара қаламызда қызмет етіп жатқан кітапханашылармыздың деңгейін жоғарылату  жәнеде тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр,- дейді  қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары  Мөлдір Оңдасынова. 

Шарада сала үздіктерінің еңбегі еленіп, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Бұл марапаттар кітапханашылардың еңбегіне берілген жоғары баға болды.

Қазақстандық Кітапханалар Одағының көшпелі отырысы алдағы уақытта Көкшетау қаласында жалғасын табады. Ал, Шымкенттегі бұл жиын шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, игі бастама Түркістан қаласында бастау алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шырайлы шаһардың шынайы еңбеккері
  • Өлеңге ғашық ұстаз
  • Қызметтің қымбат қазынасы
  • Адал еңбектің үлгісі
  • Мұра сақтаушы маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер