Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ

image.png

Президент Жолдауда  маңызды міндеттердің бірі ретінде  елге қомақты инвестиция тарту керек деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. «Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет»-деді, Мемлекет басшысы. 

"Шынымен де қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсекелестік күшейіп барады. Қазақстан да осы сынға лайық жауап беріп, жаңа инвестициялық кезеңді бастауға тиіс.  Сондай-ақ,  бүгінге дейін келген қаржының көбі шикізат саласына бағытталды. Бұл да қажет, себебі ол біздің экономикамыздың тірегі болып отыр. Бірақ болашақта тек шикізатқа арқа сүйеу жеткіліксіз. Енді өндіріс, инновация, цифрлық технология, жасыл энергетика сияқты салаларға қомақты инвестиция тарту маңызды.  

Сондықтан,  – инвестиция саясатын әртараптандырып, еліміздің дамуына ұзақ мерзімді серпін беретін жобаларға басымдық берген жөн. Бұл – Қазақстанның тұрақты өсімі мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет қадам.

 Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуге тиіс. Мүмкін, бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшыларды тартқан жөн болар.

Бірақ, қазіргі басты мәселе: жоғары инфляция экономикалық көрсеткіштер мен халықтың табысын "жұтып қойып" жатыр. Оның дайын тұрған шешімі жоқ, бұл – көптеген мемлекет бетпе-бет келіп отырған түйткіл. Мәселе бәріне ортақ болғанмен, ол біздің жағдайда айрықша сезіліп отыр.

Осы макроэкономикалық құрсаудан шығуымыз керек. Қиындықтар күні кеше ғана пайда болған жоқ. Оны шешу үшін әлемдегі озық тәжірибелерді ескеріп, жұртқа ұнай бермейтін шаралар қабылдауға және оның жауапкершілігін көтеріп алуға дайын болу қажет.

Үкімет пен Ұлттық банк мемлекеттік ауқымдағы міндетті алдына қойған біртұтас команда ретінде жұмыс істеуі керек. Қазір әркім көрпені өзіне қарай тартатын кез емес", - деп ойын жеткізді Президент.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер