Мамандығына адал Бексұлтан

image.png

Қызметі асқан жауапкершілік пен жанкештілікті талап ететін өрт сөндірушілердің әр күні тәуекел мен қатерге толы. Сөйте тұра олар ел үшін, халық үшін аянбай еңбек етуде даяр батыл мамандар. Алаулаған отты сумен өшіріп жүрген мамандардың жүректеріндегі лаулаған жалындары ешқашан сөнбеген.   Бұл мамандықты таңдау, осы салада адал қызмет ету, тер төгу екінің бірінің қолынан келе бермейтінін мойындау керек. Осындай батыл қадамға барып, өрт сөндіруші боламын деген арманын жүзеге асырғандардың бірі -Бексұлтан Ибадулла.   Адамдардың өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан араша етуді бала кезінен арман еткен ол табандылығы мен белсендігінің арқасында қазіргі таңда Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқаратын азаматтық қорғау капитаны.

«Әр ауысымда 25 маман қызметке  түседі. 101 нөміріне қандай шақыртулар келса, солардың барлығына біздің қызметкерлер жедел түрде барады. Кез-келген жағдайда сақадай сай болу қажет. Біздің мамандар физикалық тұрғыдан, тактикалық дағды бойынша 100 пайыз дайын деп айта аламын. Одан бөлек күн тәртібі бойынша түске дейін сабақ өтіледі, түс қайта бөлімге бекітілген техникалық құрал-жабдықтармен толығырақ танысып, олардың күтімін үйреніп, істен шықпау мақсатында алдын-ала тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ бізде ҚР Президентінің Жарлығымен «қарым-қатынас, әдеп кодексі» бекітілген.  Осы кодекс бойынша мамандарымыз жұмыс барысында барлық әдепті сақтап, мемлекеттік қызметшіге лайықты мінез-құлық қалыптастырады»,- дейді кейіпкеріміз. 

Қала аумағында орын алған өрттерде, оқу-жаттығуларда алдыңғы шепте көрініп жүрген Бексұлтан Ибадулла 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде де басқа да өрт сөндіруші-құтқарушылармен бірге көмекке аттанды. Оқиға орнында — адамдардың өмірін құтқару үшін қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Анаға да, балаға да, қарт пен жасқа да өз көмегін аямай, күн-түн демей, басқа да өрт сөндірушілермен бірге қызмет етті. Өзінің антына адал, қызметтік міндетін бұлжытпай орындайтындығын осылайша дәлелдей білді. Осы үшінде Бексұлтан Миятұлы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

«Еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз, сондықтан өз басымызды бәйгеге тігуге, өмірімізге қауіп төніп тұрса да, өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысамыз",-дейді Бексұлтан Миятұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер