Қызыл жалынмен арпалысқан ағайындылар

image.png

Бұл азаматтар — бейбіт күннің батырлары. Себебі олар өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің жанын аман алып қалуға қашан да дайын. Берік Спабеков азаматтық қорғау саласында 25 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын қатардағы өрт сөндірушіден бастап, мамандандырылған жасақтың бөлімше командирі лауазымына дейін көтерілді. Қазір қарамағындағы 22 қызметкердің өртке қарсы әрекеттерін пысықтап, шеберлігін шыңдауға атсалысады.

«Бала кезімде ауылда медициналық пунктті  өрт шалды.   Сол кезде лаулаған қызыл жалынды сөндірген өрт сөндірушілерді көріп, қызығушылық пайда болды»,- деген Шымкент қалалық ТЖД №1 мамандандырылған жасақтың бөлімше командирі өткен жылы небәрі 4 күндік сәбиді қызыл жалын ортасынан аман алып шыққан болатын. Түрлі төтенше жағдайды басынан өткерген құтқарушы жұмыстың оңай емес екенін айтады.  «Төртінші қабаттың адамдарын құтқаруға кіргенімізде есік құлыптаулы болды. Есікті бұзып кіргенімізде ішінде 4 күндік сәби мен 4 жасар бала және әке-шешесі болды. Әке-шешесі әлін жоғалтып алған. Тұруға шамалары жоқ. Сол кезде балдарды алып шыққанбыз»,- дейді кейіпкеріміз. 

Құтқарушының ширек ғасырдағы қызмет жолында неше түрлі оқиғалар орын алғаны белгілі. Мұндай жағдайдың барлығында ол көзсіз ерлікке барып, адамдарды құтқаруды тоқтатқан жоқ. Айталық  2010 жылы Шымкент қаласындағы Республика даңғылы бойында болған өрт кезінде Б. Спабеков кәсіби шеберлігін көрсетіп, жоғары қабаттағы пәтерден сәбиді аман алып шығып, оның өмірін құтқарып қалды. Оның батыл шешімі мен жедел әрекеті-нағыз ерліктің үлгісі. Осы ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 

Ержүрек Беріктің ізін қуып осы қауіпті қызметке артынан ерген інілері Мейрамбек пен Нұрлыбек  те келген. Ағайынды Спабековтер бүгінде кез-келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсап келеді. Әкесі мен ағаларының батылдығын көріп өскен Берік Спабековтың қызы да бүгінде өрт сөндіру саласында еңбек етуде.  «Менің інілерім мен қызымның әрбір жетістіктері мен үшін үлкен мәртебе. Себебі жұмысқа маған еліктеп, сол кісілердің барлығы жұмысқа орналасып, осы мамандықты таңдаған.  Шақырту деңгейіне байланысты ірі өрт ошақтарын бірге оқшаулаған кездер де болып тұрады. Осындайда бір әулеттен шыққан құтқарушылар бірін-бірі жылдам ұғып, ұтқыр шешім қабылдай біледі. Оған өзара тәжірибе алмасудың септігі мол»,- дейді өрт сөндіруші. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер