Елдің алғысын арқалаған батыр

image.png

Төтенше жағдай саласы – кез келген адам еңсере бермейтін, қызығы мен қиыншылығы көп сала. Бұл салада қызмет ететін мамандар да түрлі жаттығу мен дайындықтан өтіп қана келеді. Алапат өрт, жер сілкінісі, орман өрті, тіпті су тасқыны секілді айтып келмейтін апаттың кез келгенінде зардап шеккен қарапайым тұрғындарға ең алдымен көмек қолын созатын да осы төтенше жағдай қызметкерлері. Қандай жағдай болмасын адам өміріне дәрігелерден кейінгі жауапты маман десек артық айтпағандығымыз. Тіпті кейде медицина қызметкерінің де жұмысын атқарып жатады.  Төтеншеліктер үшін ең алдымен өзінің емес өзгенің өмірі бірінші орында. Сондықтанда бұл сала аса жауапкершілікті талап етеді.

Қауіптілігіне қарамай, ержүректілігінің арқасында бұл салада адал қызмет етіп жүрген құтқарушылардың қатарында шымкенттік Рауан Ордабек те бар.

Рауан Ордабек – Шымкент қаласы Тұран ауданы Төтенше жағдайлар Басқармасында бас маман болып еңбек етеді. Осы жылдың жаз маусымында Рауанның суға батып бара жатқан 7 жасар баланы құтқарып қалған ерлігін ел біледі.

Кейіпкер бұл салада 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әкесінің інісі және нағашы ағасы әскери салада еңбек еткен. Бала кезінен арман болған бүгінгі мамандығы. Содан Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатына оқуға түскен. Әрі қарай Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығын оқып бітірген. Ата-анасы өздері қалайтын мамандыққа түсуге үгіттемеген. Ең бастысы, «Еліңе пайдаң тиетін адал қызметкер бол» деп өсірген. Адалдық, мейірімділік, қиналған жанға қол ұшын созу сияқты адамдық қасиеттер жайлы ата-анасы жиі сөз қозғап, айтып отырған екен. Сондықтан болар кейіпкеріміздің адам өміріне қауіп төнген жағдайда араша түсуден жансалмайтыны.

Әсіресе жаз маусымында тыйым салынған аймақтарға шомылып, адамдар суға кетіп жатады. Ол уақытта құтқарушылар тіпті үй бетін көрмей, қызметте болады. Жиі рейдтік шаралар жүргізіледі. Көп адамдар оқыс оқиғаға тап болса, шошып дүрбелеңге салынады. Ол жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін. Сондықтан сабырлықпен қолдан келген көмекті көрсетеді екен.

«Жалпы адам өмірі – ең қымбат құндылық. Әрбір отбасында Отанға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, жанашырлық жайында жиі әңгіме қозғалса, елі үшін адал қызмет ететін, халқын сүйетін азаматтар көп болар еді,»– дейді құтқарушы Рауан Ордабек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құтқарушы дәрігер - құрметті мамандық
  • Жолдаудан кейінгі ой: Шымкенттік педагог ЖИ-дің білім саласына қосар үлесіне сенімді
  • Өнерді өрнектеген қолтаңба
  • Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүгі
  • Жұмысына адал жас маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер