Құтқарушы-медбике Минура

    image.png 

  «Бүгінгі күннің батырлары» дегенде бірден ойға түсетін мамандық бұл – өрт сөндірушілер мен құтқарушылар. Бейбіт заманда өз өмірін қауіпке тігіп, аяуды да, қорқу да білмейтін тілсіз жаумен алысатын батырлар алғыс пен құрметке лайық. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде айтып өткен болатын: «Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс». 

      Құтқарушылардың жұмысы әрдайым қауіп-қатерге толы. Жауапкершілігі зор, қиын да күрделі мамандықтың иелері құтқарушы болу оңай емес екенін біле тұра, өз мамандығын жүрек қалауымен таңдағандар. Алайда сол құтқару жұмыстарын жүргізетін жандардың денсаулығының мықты болуы аса маңызды. Әрбір кезекшілікте мұны бақылап отыратын мамандар бар. Олар құтқарушы- медбикелер. 

      Шымкент қаласындағы жедел-құтқару жасағында бұл қызметті Минура Маханова атқарады. Минура Үсенқызы 1998 жылы Шымкент Медициналық колледжін «Мейірбике ісі» мамандығын тәмамдап, өз мамандығы бойынша медицина саласында 4 жылдай қызмет етіп,  2005 жылы азаматтық қорғау органына жұмысқа орналасады, содан бері 17 жылға жуық құтқарушылардың күнделікті денсаулығын  қадағалап, тиісті көмек көрсетіп жүр.  «Жас кезімнен дәрігер болғым келді. Сол арманның жетегінде медициналық оқуды да бітірдім. Өз жұмысымды жақсы көремін. Соның арқасында өз-өзімді бір қалыпта ұстаймын, дене шынықтырумен айналысамын»,- дейді кейіпкеріміз.

     Ол күнделікті ауысымға түсетін қызметкерлердің денсаулығын тексеріп, қызметкерлерге дәрігердің тағайындауымен берілген нұсқамалар бойынша  дәрі егу, көк тамырға тамшылату, жара таңу сияқты қызметтерді де жасайды. Құтқарушылармен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде  жеке құрамға зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша әдістерді кәсіби түрде көрсетеді. Құтқарушылармен бірге оқу-жаттығу жұмыстарына да белсенді қатысып,  әріптестерімен иық тіресе қызмет атқарады. Сонымен қатар, мектептер мен жағажайларда үгіт-насихат жұмыстарына қатысып, жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

    Өзінің тиянақтылығы мен кәсібилігінің арқасында ұжымда сыйлы Минура Үсенқызы нағыз  батыр қыздарымыздың жалғасы іспетті.  Құтқару қызметіндегі медбикенің жұмысы жай ғана мамандық емес, ол нағыз еңбектің үлгісі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құтқарушы дәрігер - құрметті мамандық
  • Жолдаудан кейінгі ой: Шымкенттік педагог ЖИ-дің білім саласына қосар үлесіне сенімді
  • Өнерді өрнектеген қолтаңба
  • Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүгі
  • Жұмысына адал жас маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер