Шымкентте бірқатар тұрғындар марапатталды

 image.png

Шымкентте  Конституция күніне орай «Қызғалдақ» сарайында  «Ата Заңым – айбыным» атты жиын өтті. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара Мемлекеттік Ту мен Конституцияны сахнаға алып шығу рәсімімен басталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Бұдан кейін көпшілік назарына үшін бейнеролик ұсынылды.

Жиында сөз алған шаһар басшысы барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтады. 

 «Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік діңгегі. Оның әрбір бабы халық игілігіне, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Отыз жылда Қазақстан түрлі сынақтан сүрінбей өтіп, қуатты мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің барлығы Конституция қағидаттарын бұлжытпай орындаудың, ел бірлігі мен ынтымағының жемісі десек болады. Біз Ата Заңымызды әрдайым қастерлеп, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек. Мерекелеріңіз құтты болсын!»,-  деді қала әкімі.

Бұдан кейін салтанатты жиында ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік медаль тағынды. Олардың арасында «№2 Қалалық аурухана» МКК хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Жолдасов, «Космодемьянская атындағы №23» мектеп-лицейінің мұғалімі Шекербек Шахабаев, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев бар. Сондай-ақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры, 2-сыныпты заңгер Қуаныш Аманбаев, Қарулы Күштер Штаб бастығы 10216 әскери бөлімінің аға маманы Айсұлу Қалдыбекова, Шымкент қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Гүлмира Пернебаева,  қалалық №1 клиникалық ауруханасының заңгері Руслан Шазадаев шаһар басшысының қолынан Алғыс хат алды. 

Мерекелік кеш әрмен қарай патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Іс-шара соңында сахнаға Ықылас гүлі әкелініп, мерекелік кеш мәресі әдемі аяқталды. Осылайша, Конституциясының 30 жылдығына арналған концерттік бағдарлама қатысушыларға ұлттық рух сыйлап, маңызды құжаттың мән-мағынасын тағы бір ашып берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Таңмен таласа оянған еңбек адамы
  • Медали и благодарственные письма вручили шымкентцам на торжестве в честь 30-летия Конституции
  • Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады
  • Шымкентте бірқатар тұрғындар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер