Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

image.png

Қалада  Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған бастама еліміз бойынша экологиялық мәдениетті арттыру, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып келеді. 

Табиғаттың тынысын ашып, қоршаған орта мен тұрғындар тұратын аулаларды қоқыстардан тазалау және оларды ретке келтіру жұмыстарының маңызы  зор. Осы сенбіде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 172 тонна қоқыс шығарылды.

Аудандық көрсеткіштер:

• Абай ауданы — 445 адам, 16 техника, 28 тонна;

• Әл-Фараби ауданы — 499 адам, 30 техника, 41,7 тонна;

• Еңбекші ауданы — 1532 адам, 33 техника, 15,7 тонна;

• Қаратау ауданы — 704 адам, 25 техника, 42,1 тонна;

• Тұран ауданы — 575 адам, 32 техника, 44,5 тонна.

Сенбілік барысында қатысушылар көшелер мен аулаларды қоқыстан тазалап, қураған ағаштар мен бұталарды кесті, шөп шауып, ағаштарды әктеді, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Көптеген шымкенттіктер бұл акцияға қатысу қала тазалығына қосқан үлес қана емес, сонымен бірге бірлікті сезінудің мүмкіндігі болғанын айтты.

«Біз отбасымызбен келдік, балаларымызға тазалық әрқайсымыздан басталатынын көрсеткіміз келді», — деді Қаратау ауданының тұрғыны.

«Студенттермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және көршілерімізбен қатар жұмыс істегенде, бұл ортақ істің бізді біріктіретінін түсінесің», — дейді  сенбілікке қатысушы.

Осы ретте,  қатысушылар қаланың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екендігін жеткізді.

«Таза Қазақстан» акциясы - 2029 жылға дейінгі кезеңге арналған аттас мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Шымкенттің кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты — қаланың тазалығын сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 Акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Қаланың барлық ауданында кезең-кезеңімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала экологиясын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Таңмен таласа оянатын мамандар
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер