Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек

image.png

Теміржол - ел экономикасының күре тамыры. Қызметі қиындық пен қауіпті міндетке толы көлік кешенінің жетекші саласы. Жолаушылар мен жүк тасымалының басты қатынас құралы екендігін де жақсы білеміз.

Уақытпен санаспай еңбек етіп, тәуліктің кез келген мезгілінде жұмыс орнынан табылатын теміржолшы деген жанкешті халықтың еңбегі  ерен.

Олар – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жыл он екі ай түзде жүретін жолшылар, машинистер, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, жолсеріктер, тағысын тағы теміржолдың кәсіби мамандары.  

Оразымбет Жақсыбек темір жол саласында ұзақ жылғы тәжірибесімен ерекшеленетін маман. Оның еңбек жолы Сарыағаш станциясындағы жүк және багаж қабылдап тапсырушы лауазымынан басталды. Осы қызметтен бастап, ол пойыздар қабылдаушы ретінде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, кәсіптік шеберлігін шыңдады.

Қазіргі таңда Оразымбет Жақсыбек аға жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып қызмет етеді. Ол өз жұмысында жоғары кәсібилік пен адалдықты ұстана отырып, темір жол саласының дамуына елеулі үлес қосуда. Оның 21 жылдық еңбек өтілі – бұл саланың күрделі міндеттерін тиімді орындап, сенімді қызмет көрсетуге бағытталған табанды еңбектің айқын дәлелі.

Оразымбеттің жұмысы – темір жол саласында сенімді әрі тұрақты жұмыс істеу үлгісі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа буын мамандарға үлгі болып, темір жол инфрақұрылымының дамуына өз ықпалын тигізуде.

Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те жүреді. Сондықтан теміржолшы - жауапты мамандық. Бұл кәсібилік пен шеберлікті, әр қызметкердің сабырлылығы мен ісіне адалдығын қажет ететін сала. 

Қазіргі таңда теміржолшылардың кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде елімізге қарасты барлық темір жол бекеттерінде тәулік бойы жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы бір сәт те тынбай және үзіліссіз жұмыс істеуде. Содан болса керек, қоғам өмірін бұл саласыз елестету қиын.

Көлік кешені отандық экономиканың негізгі стратегиялық салаларының бірі.  Ел басшысы ел экономикасындағы көлік саласының маңыздылығы мен ерекше роліне әрдайым назар аударады.  Президент өз сөзінде айтып кеткендей көлік, логистика саласын қарқынды дамыту бұл стратегиялық міндет.Бұл саланың біздің еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына тигізіп отырған ықпалы орасан зор.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Метеоролог – жауапты маман
  • Человек труда. Работа полицейского не ради славы и наград…
  • Құрылыс, жол салаларының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
  • Біздің ең асыл қазынамыз – ынтымақ пен бірлік
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер