Метеоролог – жауапты маман

image.png

Аспан түрі өзгерсе — олар біліп отырады. Желдің бағыты, бұлттың қозғалысы, жауын мен құрғақшылық — бәрі де метеорологтың назарында.

 Метеоролог — бұл жай ғана ауа райын айтатын адам емес. Бұл – табиғат тілін сөйлейтін, ғылым мен технологияны ұштастыра отырып, адамзатқа қауіпсіздік пен жайлылық сыйлайтын мамандық иесі.

Метеоролог – атмосфералық құбылыстарды зерттеп, ауа райын болжайтын маман. Ол температура, қысым, ылғалдылық, жел бағыты сияқты деректерді жинап, талдайды. Метеорологтардың жұмысы климатты бақылауға, табиғи апаттардың алдын алуға және түрлі салаларды (көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика) қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Олар:

- Жаңбыр мен боранды алдын ала болжайды,

- Дала еңбеккерлеріне дер кезінде ескерту береді,

- Ұшақтар мен кемелердің қауіпсіз жолын анықтауға көмектеседі,

- Климаттың өзгеруін зерттейді,

- Экологиялық апаттардың алдын алуға атсалысады.

Ғарыштан бақылап, жерден зерттеу жүргізетін бұл сала – техника мен табиғаттың тоғысқан тұсы.

Метеорологтардың еңбегі – ауыл шаруашылығынан бастап көлік, энергетика, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар қызметіне дейінгі салалар үшін маңызды. Дәл әрі уақтылы жасалған болжам халықтың күнделікті өміріне де тікелей әсер етеді: сапарға шығу, егін егу, құрылыс жұмыстарын жоспарлау сияқты тұрмыстық және өндірістік шешімдердің бәрі метеорологтардың мәліметіне сүйенеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында метеоролог кәсібін дәріптеу ерекше маңызға ие. Себебі бұл – тек ғылыми ізденіс емес, елдің қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығына қызмет ететін еңбекті қажет ететін мамандық. Қатты дауыл, боран, тасқын сияқты табиғи апаттардың алдын алу үшін метеорологтардың кәсіби болжамы ауадай қажет. Сол арқылы адам өмірін қорғауға, шаруашылық шығындарын азайтуға мүмкіндік туады.

Күнделікті өміріміз, жұмысымыз ауа райы мен климатқа тәуелді. Сондықтан метеоролог мамандар ауадай қажет. Ал мамандардың күнделікті жұмысы қауырт. Ғылым – ауа-райын апталық, айлық, мезгілдік болжау адамзат өміріне қажетті екенін алға тартады.

2025 — Жұмысшы мамандықтардың жылы.

Еліміздің болашағы сен сияқты білікті мамандардың қолында!

Елімізде ауа райын болжау мен атмосфера¬лық құбылыстарды зерттеу саласының өзіндік тарихы бар. Бүгінде бұл салаға қажетті маман даярлау ісі де іргеленіп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Метеоролог – жауапты маман
  • Человек труда. Работа полицейского не ради славы и наград…
  • Құрылыс, жол салаларының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
  • Біздің ең асыл қазынамыз – ынтымақ пен бірлік
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер