Тиімді жобалар таныстырылды

image.png

Бүгін «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы аппаратының басшысы Ғани  Қарабеков «Ауыл» партиясының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Еңбек адамы» бағдарламасы төңірегінде Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің басшыларымен кездесті.

Кездесуге Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы, аудан әкімшілігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өтеулі Бағлан және аудан әкімшілігінің әлеуметтік бөлімінің басшысы Сапиев Бахтияр қатысты.

Кездесу барысында өңірлік аппарат басшысы еліміздегі аграрлық саланы ілгерілету үшін «Ауыл» партиясының бастамасымен әсіресе еліміздің солтүстік аймағында жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі жобалармен, оның ішінде: тауық өсіруге бағытталған «Ауладан дастарханға» және қаз өсіруге бағытталған «Қаз хабы» жобасымен таныстырды.

«Тауарлы кредит солтүстік облыстарда бұған дейін сәтті жүзеге асқан, тиімділігі дәлелденген жоба. Артықшылығы  шаруаға пайыздық өсіммен қаржы берілмейді. Мұны Шымкентте де іске асыруға толық мүмкіндік бар. Өзіңіз жақсы білесіз, үшінші мегаполисіміздің ауқымы өте үлкен, территоряисының көлемі жағынан еліміздің бас қалаларын да басып озады. елдімекендерде қаламызды қамтуға болатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруіміз керек. Мәселен, тауық өсіруді қолға алуға болады. Біз жерлестерімізге тауарлы кредит жобасымен тауық балапандарын ұсынамыз. Бұл жерде үш жақты келісім жасалады: ауыл әкімі, кәсіпкер және тауарлы кредит беруші. Тауарлы кредит ұсынушы тауық өсіруді кәсіпке айналдырғысы келетін адамға үйретумен бірге оған жасалатын жағдайдың барлығын реттеп, жеміне дейін береді. Рәсімделетін құжаттағы келісім пайыздық үлеспен реттеледі. Мәселен, 100 балапан берсе, соның өсіп-өнгенінен 60 пайыз пайдасы кәсіпкерге, 40 пайызы тауарлы кредит берушіге тиесілі дегендей. Өйткені бұл кәсіптен түскен табыстың бір бөлшегі салық ретінде бюджетке құйылады. Ал 100 балапанды жеке сектордағы кез келген отбасы өсіре алады. Тек ынта болуы керек. Шымкентте арготуризм жобасын да дамытуға болады»,- деді аппарат басшысы. 

Өз кезегінде кездесуге қатынасушылар осындай өміршең жобалардың елге тиімді болатындығын айтып, игі шарға ұйытқы болып отырған «Ауыл» партиясына және спикерге өз ризашылықтарын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүруде
  • Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы
  • Наубайхана несібесі
  • Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады?
  • Көлік жөндеп, көпке танылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер