Металлург мамандарына сұраныс бар

image.png

Металлург мамандығы – әлемдегі ең ауыр әрі күрделі кәсіптердің бірі. Қызған пештің жанында жұмыс істейтін бұл мамандар болат балқытудан бастап, металл өңдеу мен дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді бақылайды. Өндіріс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау – басты талап. Себебі әрбір сәтсіз әрекет адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан металлург мамандығын – темірдей төзім мен оттай ыстық еңбекпен өлшенетін кәсіп деуге болады.

 Металлург мамандарына елімізде сұраныс жоғары. 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай қазіргі таңда кәсіптік білім беретін оқу ордаларында металлург секілді экономкаға аса қажетті жұмысшы мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөлінуде.  

 Қазір Шымкент қаласындағы колледждерде 39 студент металург мамандығына машығып жатыр. Ал Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жыл сайын 20-ға жуық студент қабылдайды. Болашақ металлугтер мұнда бакалавр, магистратура, доктарантура дәрежелері бойынша білім ала алады. Аталған білім ошағының силикатты технологиялар және металлургия кафедрасының доценті Гүлнар Қаратаеваның сөзінше, оқуын аяқтаған маман жұмыс іздеп сабылмайды. Нарықта металлургке деген сұраныс жоғары.

«Біздің түлектер «Шымкент темір», «Қазамом пром» сынды ірі өндіріс орындарында жұмыс істейді. Жергілікті завоттардан бөлек біздің мамандар еліміздің басқа да өңірлерінде түрлі лауазымдарда табысты қызмет атқарып жүр»,- дейді ол.

М. Әуезов атындағы ОҚУ-да 2011 жылы Металлургия кафедрасы құрылған болатын.

Кафедраның құрылуына университетте (бұрынғы Қазақ технологиялық институтында) 1964 жылдан бастап фосфор, кальций карбиді, электрометаллургия өндіретін кәсіпорындар үшін электротермиялық өндірістің инженер – химик – технологтарын даярлау негіз болды.

"Металлургия" кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Тілеуқұлов Орынтай Мамутұлы ҚазКСР ҒА академигі В.А. Пономаревтің оқушысы болған. Мамандық бойынша 1964 жылы студенттерді қабылдау 50 адамды құрады. Кафедраның алғашқы оқытушылары -  Ананьев Н.И., Кобжасов А., Кравцов П.М., Тултаев С.Ж.

"Силикаттар технологиясы және металлургия" кафедрасы 2022 жылғы қыркүйекте "Цемент, керамика және шыны технологиялары" және "Металлургия"екі кафедрасының бірлестігімен  құрылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрыш қолды құрылысшы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер