Күзетші болу жауапкершілігі мол қызмет

Изображение WhatsApp 2025-08-07 в 19.52.05_5c8a2200.jpgЕңбек адамы дегеніміз, ең алдымен таза, адал жұмыс істейтін, өз еңбегін маңдай термен табатын кісі. Олардың қатарында күзетшілер де бар.  Бұқара әдетте  күзетшінің жұмысын  жанға жайлы,  екінің бірі  істейтін еңбек деп бағалайды. Алайда күзетші болу  «ауырдың үстімен, же¬ңіл¬дің астымен» жүруге дағ¬дыланған азаматтардың кәсібі деп қарамауымыз қажет.  Іс жү¬зінде Қазақстанның еңбек нары¬ғында күзетшілерге сұраныс жоға¬ры.  Бұл саланың да жауапкершілігі, ауырлығы мен қызығы да болады. Бір нысанның қауіпсіздігін қатамасыз ету, ондағы тәртіпті қадағалау, түрлі оқыс оқиғалардың алдын-алу және орын алған жағдайда оны шешу – күзетшінің басты міндеті.  Осы міндеттің бәрін арқалап жүрген жанның бірі – Бахтияр Райымқұлов. Ол мамандандырылған күзет қызметінде аға инспектор болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда Шымкент қалалық әкімдік ғимаратының қауіпсіздігі мен ондағы тәртіпті қадағалайды. 

 1997-2001 жылдары Халықаралық экологиялық-гуманитарлық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Әдемі, тиянақты форма киген әскери қызметкерлерге бала күнінен қызыққан ол осы салада еңбек етуді армандаған. Дипломын қолға алған  соң жаны қалаған салада қызметке кіріседі. Бахтияр Райымқұловтың күзет саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

 Өз ісінің маманы, қырағы күзетші төрт перзенттің әкесі. Бос уақытында үнемі жаттығып, спортпен айналысады.  «Балаларыма үнемі адалдықты, еңбекқорлықты үйретіп келемін. Сонда ғана еңбегі табысты, жетістікке толы болатындығына сенемін»,- дейді кейіпкеріміз.  

«Күн сайын қоғаммен тығыз байланыс жасаймыз. Бұл ғимаратқа күнделікті биліктегі азаматтар да, қарапайым халық та келеді. Бірақ заң бәріне ортақ. Мемлекеттік мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз. Кез-келген оқыс оқиғаларға дайын жүруіміз керек»,- деген ол қаңтар оқиғасы кезінде жауапкершілік екі есе жүктелгенін айтады. 

Бахтияр Сайдкәрімұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің, бірнеше мәрте қала әкімдігінің алғыс хаттарымен, құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар еңбек еткені үшін арнайы медальдармен марапатталған. 

Күзетші - еріккеннің жұмысы емес. Күзетші болуы үшін білім де, білектің күші де талап етіледі. Себебі олар оқыс жағдайларда өз өмірлерін тәуекелге тігетінін ұмытпауымыз керек. Олар - табысын адалынан тауып, тыныштықты күзетін жүрген жандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер