Еңбек нарығын жандандыру бағытында оң өзгерістер бар

image.png

Елдегі патерналистік көңіл күйді жойып, масылдықтан арылудың алғышарты – жұмыссыздықты азайту. Себебі,  масылдық – мемлекеттілік пен әлеуметтік институттарды күйретуші құбылыс.

Соңғы кездері қоғамдағы патерналистік көңіл күй, тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шараларын жоғары мінберлерде айтып жүргені бекер емес. Себебі патернализм, масылдық – жаһандық проблема. Мемлекетке «балаларына» қамқорлық жасауы тиіс «әке» ретіндегі көзқарас тек қазақстандық қоғам үшін ғана емес, бұл тіпті нарықтық экономикасы дамыған елде де, әсіресе дағдарыстан кейінгі кезеңде де кезігеді. Әрине, қоғамда қолдауды қажет ететін мұқтаж адамдар тобы да бар. Олар шындығында, өмірдің қиын жағдайларына тап болып мүмкіндігі шектелгендер, қарттар, кедейлік шегінен төмен отбасылар. Оларға қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеті. Бүгінде түрлі бағдарламалар әзірленіп жатыр. Тек материалдық қолдау ғана емес, одан бөлек, қоғамға интеграциялану, оқу, өз бетімен ақша табу, қоғамдық өмірге толық қатысу мүмкіндігін арттыру. Бірақ бұдан бөлек, аяқ-қолы сау бола тұра, үкіметке «қол жайып» отырғандар да аз емес. Міне, Шымкент қаласында осындай азаматтардың санын азайту мақсатында оларды еңбекке тарту, жұмыспен қамту шаралары ұдайы атқарылып келеді. 

    Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева Мансап орталығы мен Еңбек мобильділігі орталығының 2025 жылдың 9-29 шілде аралығындағы жұмысын қорытындылады.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен бағыт – субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 4081 адам болған. Бұл – еңбек нарығын жандандыру бағытында оң өзгерістердің бар екенін көрсетеді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қабылданады. Бағдарламаға бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, тұрақты түрде салық және басқа да әлеуметтік төлемдер жүргізетін, еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.

 Субсидияланатын жұмыс орындары: қоғамдық жұмыстар; әлеуметтік жұмыс орындары; жастар практикасы; «Алғашқы жұмыс орны» жобасы; «Ұрпақ сабақтастығы» жобаларын қамтиды. Аталған бағдарламалар жұмыссыз шымкенттіктер үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер