Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі

image.png

Жол ережелерін сақтау жол қозғалысының барлық қатысушылары міндетті, жүргізушілер, жаяу жүргіншілер мен жолаушылар үшін бірдей дәрежеде. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі тақырыбы бүгінде өзекті болып қалуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы әрбір оныншы жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алады.

ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖКО жағдайында кінәлі және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға міндетті жүргізуші болып табылады. Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғаларын тудырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейтін жаяу жүргіншілерге аз көңіл бөлінеді. Жаяу жүргінші-жол қозғалысының толық құқықты қатысушысы екенін есте сақтау қажет, бұл құқықтармен қатар оның жүріс бөлігіндегі жауапкершілігі туралы да айтады. Өкінішке орай, мұны жаяу жүргіншілердің бәрі бірдей біле бермейді.

Міне осы мақсатта  Шымкент қалалық Патрульдік полиция полкі мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп, «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғындарына бағытталған кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері мен жастар ұйымының өкілдері жол қозғалысына қатысушыларға жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратты.

Аталған жадынамаларда жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелері, белгіленбеген жерден өтудің қаупі, сондай-ақ жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру міндеттері қамтылған. Шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Патрульдік полиция полк командирінің міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Аширбаев Тоқтарбек сөз сөйлеп, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

– Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы. Біздің негізгі мақсатымыз – жол-көлік оқиғаларының алдын алу арқылы адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Мұндай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Аширбаев Тоқтарбек.

Айта кету керек, полиция мен қоғамның өзара іс-қимылы – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер