Шымкентте дезинфекциялық жұмыстардың келесі кезеңі жүргізілуде

image.png

Шымкентте Кенелер мен басқа да жәндіктердің көбеюін алдын алу үшін энзоотиялық шаралардың екінші кезеңі басталды.  «Ветеринариялық қызмет» МКК және «Ұлттық сараптама орталығының» жергілікті филиалымен бірлесе атқарған шараларға 18 дезинфектор маман, 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша арнайы лабараториялық тексеруден өткен, сертификатталған препараттар қолданыла отырып, 152 мыңнан аса ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, тоғыту; 2,3 млн ш.м. қора-жайлар мен буферлік аумақтар; 2,3 млн ш.м. саябақтар мен гүлзарларға залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары Басқарма тарапынан тек малы бар үйлерге және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қораларға бюджет есебінен жүргізіледі.  Аулаларды зарарсыздандыруға мемлекеттік реестрге кіретін Кеден одағы немесе Қазақстан территориясына қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады.

 Қауіптілікті ескере отырып, қала тұрғындарынан сақтық шараларын ұстауды және өз аулаларын таза ұстап, қи-қоқыстан тазартуын сұраймыз. Залалсыздандыру жұмыстары механикалық тазарту жасалған және қи-қоқыстар шығарылған қора-жайларға жасалғанда ғана тиімді нәтиже күтіледі.

Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасы – аурудың адамға жұғуы кене шаққанда, қанға тойған кенелердің қаны адамның шырышты қабығына немесе терісіне тиген кезде (малдағы кенелерді тазалаған кезде, қайшымен қырқу және кенелерді қолмен алып тастау кезінде) болады.

Кене шаққан немесе кенемен жанасқанда міндетті түрде дер кезінде медициналық мекемеге жүгіну керек. Кене жабысқан жағдайда  кенені қолмен жұлып тастамай, беті тығыз жабылатын ыдысқа салып, зертханаға зерттеуге тапсыру қажет. Кене шағуынан зардап шеккен адамдар жергілікті емдеу-профилактикалық мекемемен 14 күн медициналық бақылауға алынады.

 Адамдар арасында КҚГҚ тіркелген жағдайда, науқастың дер кезінде оқшаулануы, қарым-қатынаста болған адамдар анықталуы және ошақта қорытынды дезинфекция  жүргізілуін бақылау санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің құзырына жатады.

 Егер кене шағып немесе  КҚГҚ  науқаспен байланыста болғанда, ауру белгілері мазаласа, медициналық көмекті үйге шақыртып, қажетті ем-домды дер кезінде алған жөн.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер