Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ

image.png

Жұмысшы мамандықтар жылының маңызды бағыттарының бірі – білім беру жүйесін жетілдіру. Бұл салада жұмыс істейтін мамандарға қажетті дағдылар мен білім беру үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жаңартылып, оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкес болады. Бұл білім беру жүйесінің заманауи талаптарға сай болуын және білікті мамандардың даярлануын қамтамасыз етеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлап, жастарды осы салаға көбірек тартуға мүмкіндік береді. Жоспарлы жұмыстар да жоқ емес. Әр өңір өзінің экономикалық әлеуетіне қарай қажетті маман иелерін даярлауда түрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша жастарды ынталандырып, кәсіби білімін жетілдіруде.

 Шымкент қаласында  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 76 мамандық пен 99 біліктілік бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына алуға 29 колледж 11 814 орынға өтінім берген болатын.

Мамандардың мәліметінше өткен 2024 жылдың өзінде түрлі өндіріс орындарында қазақстандықтарға 270 мың бос жұмыс орны ұсынылған екен. Мысалы алдағы 6 жылда кадрларға сұраныс 1,6 миллион адам деп бағаланып отыр. Қазірдің өзінде елімізде құрылыс және өнеркәсіп саласында 40 мыңға жуық маман жеткіліксіз екені анықталып отыр. Кадрды сұранысқа ие мамандармен толықтыру мақсатында, өңірлік әлеуетті ескере отырып,  Шымкенттегі колледждерде бірнеше жаңа мамандықтар оқытылмақ. Айталық шаһарда аяқ киім тігу мамандарына сұраныс жоғары екендігі байқалған. «Ерінбеген етікші болады» дейді атам қазақ. Ал бүгінгі күннің етікшілер заманға бейімделген мамандар болмақ. Осыған орай  биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Аяқ киімді жеке тапсырыспен тігу және жөндеу шебері», «Ортопедиялық аяқ киімді тігу және жөндеу шебері», сондай-ақ «Киім дизайны» бағыты бойынша «Техникалық және көркем эскиздер орындаушысы», «Киім мен аксессуарлардың декораторы» сияқты мамандықтары бойынша жаңадан лицензия алынды. Мақсат – сұранысқа ие бағыттар бойынша білікті кадрларды дайындау. Мамандардың айтуынша грант бөлуде жұмысшы мамандықтарға баса мән берілуде.      

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халқымызға арнаған Жолдауы ел дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, жұмысшы мамандығының беделін де көтеретіні сөзсіз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер