Шымкентте азаматтық форум өтті

Азаматтық қоғам азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, олардың мемлекеттің дамуына белсенді қатысуын қолдайтын институттардың, ұйымдар мен қозғалыстардың жиынтығы. Оның дамуы – демократияның күшеюі, халықтың әл-ауқатының артуы және қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі болып саналады.

Осы орайда  Шымкенттегі  Qyzgaldaq сарайында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында өңірлік деңгейдегі кең ауқымды форум өтті. Іс-шара Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Кездесудің  мақсаты  азаматтық қоғам мен мемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, серіктестікті дамыту және қоғамдық бастамаларды қолдау. Шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырды.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдерімен қатар, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлік сектор және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар азаматтық сектордың қаланың тұрақты дамуына қосатын үлесін  ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласу мүмкіндіктерін талқылады.

Биылғы бағдарламаның құрылымы кеңейтіліп, бірнеше панельдік отырыстар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оларда әлеуметтік әріптестікті дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығы, жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін арттыру, цифрландыру үдерістері мен қоғамдық бақылау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, табысты жобалар таныстырылып, «ҮЕҰ өмірі — бір сәт бейнеде» атты фотокөрме көрермен назарына ұсынылды.

Екі жылда бір рет өтетін бұл өңірлік кездесу азаматтық қоғамның қазіргі даму деңгейін саралауға және болашақтағы негізгі бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының өңірлік деңгейде іске асырылу барысына ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылар іс-шараға белсене қатысқан барлық тараптарға алғыс білдіріп, азаматтық белсенділік пен қоғамдық қызметтің ел дамуына қосар үлесін ерекше атап өтті. Шара қорытындысы Шымкент қаласының инклюзивті әрі тұрақты дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер