Жиырма жылын су шаруашылығына арнады

image.png

Данияр Орманов -  су шаруашылығы саласында көпжылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Бүгінде ол  Шымкент қаласындағы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-да насос станциясының машинисі болып қызмет атқарады. Осы саланың  майын ішіп, жілігін шағып жүргеніне 21 жыл болған. 

«Бұрын насосты айдау үшін энергияны көп жұмсайтын едік. Қазір жаңа техникамен жұмыс істейміз. Электр энергиясын үнемді жұмсайды. Қала тұрғындарын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Біздің ұжым өте үлкен әрі ынтымағы берік. Бір бірімізге әрдайым көмекке ұмтылып тұрамыз. Жұмыс барысында қандай да бір қиындықтар туындаса, бір нәрсені түсінбей жатсақ қол ұшымызды созамыз»,- дейді машинист. 

Данияр Орманов кәсіби жолында өз мамандығына қажетті білім мен тәжірибені терең меңгеріп, еңбекке адал, жауапты маман ретінде танылды. Ол еңбекті қорғау саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап, жұмыс барысында алынған білімін тиімді қолданып келеді.

Жұмысын уақтылы әрі сапалы орындайтын қызметкер ретінде әріптестерінің құрметіне ие. Ұжымда сыйлы, беделді маман ретінде жас қызметкерлерге үнемі қолдау көрсетіп тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Данияр Орманов -  су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан су ресурстарын тиімді басқару мен инженерлік жүйелерді жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлға. Еңбегі елеулі, білімі терең, саланың қыр-сырын жетік меңгерген беделді маман.

Айта кетейік,  "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС - сумен жабдықтау және су бұру бойынша ең ірі қазақстандық оператор. Мегаполис халқын ауыз сумен үздіксіз қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуде заманауи технология, цифрландыру жүйесін ендіру арқылы экологияны жақсарту бағытында да жобалар қолға алынған.  Осыдан екі жыл бұрын  мекеме өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде кәсіпорын өзін Қазақстанда ғана емес, ТМД-да да саланың нағыз көшбасшысы ретінде көрсетті.

Әлемдік өркениеттің бар¬лық құндылықтары, мәдени бай¬лықтар адам ең¬бегімен жасалатындықтан, әлеу¬меттік жаңғырту да өнімді ең¬бектің арқасында жүзеге асады. Бүкіл қоғам адал еңбекке бет бұрып, тынымсыз әрекеттенсе, азаматтардың тұрмысы түзеліп, мемлекеттің даму деңгейі артатыны мәлім. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер