Әр еңбек – тәжірибе береді

image.png

Қазақстанда жұмысшы мамандар жылының жариялануы – еңбек адамдарының абыройын арттыруға және елдің экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама тек жұмысшы мамандықтарын қолдаумен шектелмей, бүкіл қоғамның еңбек мәдениетін өзгертуге ықпал етеді. Алдағы жылдары қолға алынған шаралар еңбек нарығында теңгерім орнатуға, жастардың кәсіби бағдарын дұрыс қалыптастыруға және өндірістік саланы жоғары сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге негіз болады. Жұмысшы мамандар жылы – Қазақстанның еңбек адамына деген құрметін көрсететін айқын белгі.

Еңбек жолын  төменнен  бастап, жоғары өрлеген маманның тәжірибесі мол, іске адал келеді.  Мұндай кадрлардың жастарға берері мол. Сондықтан жастар  қара жұмыстан қашпай, қай салада болсын қарапайым еңбектен, төменгі лауазымнан бастағаны дұрыс. Мұны жақсы түсінетін шымкенттік Күмісбек Гүлнұрым қарапайым жұмыстан бас тартқан емес. 

Гүлнұрым №68 жалпы орта мектебін үздік аяқтап, «Парасат» колледжінде «Қаржы» мамандығын меңгерді. Ол қаржы саласының қыр-сырын игеріп, өз болашағын тұрақтылық пен даму жолында құруға шешім қабылдаған жан. Алғашқы жұмыс – үлкен өмірге алғашқы қадам

Гүлнұрым 2020 жылдан бері «Бал Текстиль» ЖШС-де еңбек етіп келеді. Ол кілемшелерді этикеттеу және орау ісінде өз ісіне деген ұқыптылығы мен жауапкершілігін көрсетіп, ұжымда сыйлы маманға айналды.

Көпшілік үшін қарапайым болып көрінетін бұл жұмыс, шын мәнінде, нақтылық пен тиянақтылықты талап ететін сала. Гүлнұрым бұл міндетті үлкен ықыласпен орындап, жоғары сапа мен жауапкершілікті басты орынға қоятынын дәлелдеді.

Жас та болса еңбекке деген ынтасы мен табандылығы оның келешекте биік белестерді бағындыратынын көрсетеді. Өз ісін сүйетін, әр тапсырманы мінсіз орындауға тырысатын осындай мамандар кез келген саланың алға жылжуына үлкен үлес қосады.

«Осы фабрикада жұмыс істеп жүргеніме 4 жылдан асты. Өте керемет кәсіпорын, керемет ұжым.  Мен осында жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Менің негізгі қызметім кілемшелерді таза күйінде қаптап, орап клиентке жеткізу. Қандай жұмыс болмасын ең бастысы адалынан істесең болды. Сондай-ақ жастарға еңбектенуден қашпауға кеңес беремін. Себебі қандай жұмыс болсын оны игерсең тәжірибе жинақтайсың»,- дейді Гүлнұрым Айтқұлқызы.  

Гүлнұрымның өмір жолы еңбектің, адалдықтың және табандылықтың көрінісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер