Оқушыларды кәсіптік мамандықтарға баулу - маңызды қадам

image.png

2025 жылды  Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Президенттің айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал етеді.  Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болады. Қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, елдің экономикалық әлеуеті одан әрі дами түседі.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Елдің өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік салалары дәл осы мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенеді. Шикізат өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, энергетика, инфрақұрылымдық жобалар жұмысшы мамандықтарысыз мүмкін емес. Жыл сайын Қазақстанда жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылады, оларды сапалы мамандармен қамтамасыз ету елдің экономикалық болашағы үшін маңызды.

  Шымкентте жастарды кәсіптік мамандықтарға баулу жұмыстары қарқын алды. Айталық оқушыларды кәсіби бағдарлау және мамандыққа бейімдеу мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар «EduCampShym» және «PROFSTART» жобалары аясында жүргізіліп жатыр.

«EduCampShym» жобасы Шымкент қаласындағы 9 жоғары оқу орнының базасында өткізіліп 9–10 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шараларын қамтиды. Жоба аясында оқушылар түрлі мамандықтар бойынша дәрістерге қатысып, ЖОО-ның оқу үрдісімен танысу, практикалық тапсырмалар орындау және сала мамандарымен кездесуге мүмкіндік алуда.

«PROFSTART» жобасы 33 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылды. Бұл жобаға 7–8 сынып оқушылары қатысып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес техникалық және жұмысшы мамандықтарымен танысуда. Оқу лагерлері аясында қатысушылар шеберлік сағаттарына, тренингтерге және кәсіптік бағыттағы арнайы іс-шараларға қатысып жатыр.

Аталған қос жоба арқылы барлығы 7576 оқушы қамтылып, кәсіби бағдар беру бағытындағы жүйелі қолдауға ие болуда. Бұл бастамалар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, олардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие салаларға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер