Қуаныш: Мен үшін әр тағам бір өнер туындысы

image.png

Бүгінде шымкент қаласында жұмысшы мамандықтарын даярлайтын колледжердің саны – 40. Солардың бірі «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі». Болашақ аспаздарды  даярлайтын оқу орнының шәкірттері бүгінде топ жарып жүр. Айталық «Аспаз» тобының 3 курс студенті  Рахмет Қуаныш   жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауында  жеңімпаз атанған болатын. 

«Іргесі 1936 жылы қалаған, ең мықты аспаздар даярлайтын колледжінде оқимын.  Мен аспаздықтың қыр сырын меңгеруге ерекше талпыныспен кірістім. Түрлі тағамдарды жасап, әртүрлді эксперименттер жүргізуді ұнатамын. Бұл саладағы қабілетімді шыңдау үшін кәсіби жарыстарға қатысып, тәжірибемді арттыруға тырысып жүрмін. Өзімнің қажырлы еңбегім мен ұстаздарымның қолдауының арқасында 2024 жылы ресубликалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып медаль иелендім. Сондай-ақ Шымкентте өткен «World Skills Kazakhstan-2024» байқауында жеңімпаз атандым. Бұл жеңістер мен үшін үлкен жетістік және келешекте кәсіби деңгейімді одан әрі дамытуға мотивация береді. Биыл наурыз айында Париж академиясының халықаралық аккредиттеу аясында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында Франция мемлекетінде бір апталық курсқа қатыстым»,- дейді студент.

«Колледж біртұтас тәрбие аясында рухани адамгершілік қасиетке баулып, жалпы азамзаттық және ұлтты құндылықты бойымызға сіңіріп, еңбекқор, адал, саналы жасампаз әлемдік озық білімді игерген саналы азамтты тәрбиелеу маұқсатында толыққанды білім мен тәрбие алуымызға жағдай жасап отыр»- деген Қуаныштың арманы асқақ. 

«Менің алға қойған мақсатарым айқын. Аспаздық салада өз орнымды тауып, кәсіби шеберлігімді шыңдау және әлемдік деңгейдегі аспаз болу. Осы мақсатқа жету үшін үнемі ізденіс үстінде боламын. Мен үшін әр тағам бір өнер туындысы. Топ-100 студенттің қатарына ену мен үшін үлкен абырой. Бұл сайыс менің болашаққа деген сенімімді нығайтатын тағы бір белес болғалы тұр»,- дейді ол.

Кәсіби, білікті маман қашанда сұранысқа ие. Қуаныш оқуын бітірмей жатып-ақ оны жұмысқа қабылдағысы келетіндердің қатары көбейген. Нәтижесінде қаладағы  «Сандық груп» мейрамханасына жұмыспен қамту сертификатына ие болыпты.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Нағыз еңбек диқаншылық
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер