Колледж түлектері жұмыссыз қалмайды

image.png

Шымкент қаласында жұмысшы мамандықтарды даярлайтын колледжердің оқу базасы жыл сайын нығайып келеді. “Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі” – Шымқаладағы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша базалық колледжі болып табылады. 

Колледждің өзінде 9 өндірістік оқу шеберханасы жұмыс істесе,  “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймақта орналасқан Құзыреттілік орталығында 10 шеберхана бар. Орталық – заманауи технологиялармен жабдықталған, өндірістік оқытуды жаңғыртуға бағытталған бірегей оқу-өндірістік кешен.

Орталық базасында келесі бағыттар қамтылған:  тігін бұйымдарын компьютерлік жобалау зертханасы; тігін және тоқыма шеберханалары; былғары мен аса ауыр материалдарды тігуге арналған шеберханалар; күрделі станоктар мен автоматтарда бұйым тігу цехы; компьютерлік кестелеу шеберханасы; маталарды кесу цехы.

Барлық өндірістік орындар тігін бұйымдарын дайындаудың толық циклін қамтитын озық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Тігін өнеркәсібі бағытындағы Құзыреттілік орталығы – Қазақстанда  «Сән технологиясы» құзыреті бойынша WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлайтын оқу-жаттығу алаңы болып табылады.

Сонымен қатар, колледж базасында «Тоқу өндірісі (киім, аяқ киім және былғары бұйымдары)» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Бұл – оқу үдерісін жетілдіруге және кәсіби стандарттарға сай маман даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Колледж түлектері сұранысқа ие мамандар. Мұнда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге азық түлік және киім кешек көмегі көрсетіледі. 

 Оқу орнының  Халықаралық серіктестері:  Францияның  Тthe academy in Рaris және   Еlisa lemonnier  лицейі,   Түркиядағы  Dostek колледжі болып табылады. Бүгінгі заманның сұранысына сай жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орнында келесідей мамандықтар оқытылады.   «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «тігінш- «техник-технолог», «модельер-пішуші», «арнайы тігінші», «тоқу өндірісі», «тоқушы» біліктілігі.  Қазіргі таңда 608 студент   35 ірі кәсіпорында тәжірибеден өтуде. 

Жалпы, колледж түлектері оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасуы мәселесі аса қиындық тудырмайды. Колледждегі түлектердің   жұмысқа орналасу көрсеткіші жылдан-жылға жақсарып келеді. Мысалы 2021-2022 жж- 87 пайыз, 2022-2023 жж- 85,8 пайыз болса 2023-2024- 83 пайызды құрап отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер