Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза

image.png

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату – әр мемлекеттік қызметшінің ең басты міндеті, сонымен қатар халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оларды дер кезінде шеше білуі тиіс екендігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының әкімі кестеге сәйкес халықпен жүздесіп, мұң-мұқтажына құлақ асып келеді. Осы орайда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесуі барысында Қайнарбұлақ саяжай алабының тұрғындары табиғи газға қосылу мәселесін көтерген болатын. Көпшілік үйлердің әлі күнге дейін газ жүйесіне қосылмағанын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай азаматтардың өтінішіне жедел әрекет еткен қала әкімі жауапты басқарма мен Абай ауданы әкімдігіне мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қайнарбұлақ саяжай алабында магистралды газ құбыры желісінің толықтай жүргізіліп, қажетті инфрақұрылымның дайын екені анықталды. Бүгінгі таңда 2300-ден астам тұрғын үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған азаматтар үшін де ішкі газ жүйесіне қосылуға толық мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің кейбірі қызыл сызық аумағында орналасуына байланысты техникалық құжаттарын (техникалық паспорттарын) рәсімдей алмай отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппараты тарапынан нақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, газға қосылу рәсімін жеңілдету үшін тұрғындарға арнайы 7-нысанды анықтама  берілуі қамтамасыз етілуде. Аталған құжат - табиғи газға қосылуға заңды негіз болып табылады.

Осылайша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қайнарбұлақ тұрғындарының газбен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстар атқарылып, тұрғындарға барынша қолайлы және заңды тетіктер ұсынылып отыр.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өңір халқын сапалы жолмен, таза ауыз сумен, тұрақты электр қуатымен, табиғи газбен және заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып отыр. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, әлеуетін нығайта түсу керек. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Халық қалаулысы мәдениет және өнер қызметкерлерімен пікірлесті
  • Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер