Тұрғындардың өтініші орындалды

image.png

Тарихтан белгілі, кез келген мемлекеттің өркендеуі мен тұрақтылығы халық пен билік арасындағы диалог пен өзара түсіністікке байланысты болған. Егер бұл байланыс үзілсе, мемлекет ішінде сенім дағдарысы туындап, түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси проблемалар туындайды. Тәуелсіз Қазақстанда демократиялық құндылықтар мен азаматтық қоғамды қалыптастыру барысында халық пен биліктің байланысын күшейтуге ерекше назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы бағыттың айғағы. Президенттің  "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына және барлық деңгейдегі әкімдердің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кестеге сәйкес кездесулер өткізіп тұрады. Сондай-ақ тұрғындарды жеке, көшпелі қабылдаулар өткізіп  тұрады.  Әкімдердің халықпен кездесуі  билік пен қоғам диалогын орнататын маңызды бағыт. Кездесулердің нәтижесінде көптеген мәселелер дер кезінде шешімін табуда. 

Айталық қала әкімнің  Тұран ауданы тұрғындарымен өткізген көшпелі қабылдауы нәтижесінде тұрғындардың көтерген бірқатар өзекті мәселелері шешімін тапты. Өтініштер мен ұсыныстар негізінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізілді.  Шымкент қаласы әкімінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша Орманов көшесінің бойында ұзындығы 20 метрлік жаңа аяқжол салынған. Бұл тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуге бағытталған. Байтұрсынов көшесіндегі №94 көпқабатты тұрғын үй ауласына сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұл шара аула аумағындағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, тұрғындардың кешкі уақытта еркін қозғалуына мүмкіндік берді. Көктас көшесінде жаңбыр және ағын сулардың ағымын реттеу мақсатында ирригациялық жүйе орнатылды. Бұл көшелердегі су жиналуын және ластануды алдын алуға септігін тигізеді.

Отырар көшесіндегі №41 тұрғын үй маңындағы спорт алаңшасына резеңке жабынды (тартан) төселіп, балалар мен жастардың қауіпсіз жағдайда спортпен айналысуына жағдай жасалды.

Аталған жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы орта қалыптастыруға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жергілікті тұрғындар атқарылған шараларға ризашылықтарын білдіруде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Халық қалаулысы мәдениет және өнер қызметкерлерімен пікірлесті
  • Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер