Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ

image.png

Тұрмыстық зорлық- зомбылықтан қоғамымыздың әл-ауқатына елеулі залал келтіріп отырған өзекті мәселенің бірі. Көп жағдайда бұл отбасының жойылуына әкеліп,  кәмелетке толмағандарға теріс әсер етеді. Балалардың болашақта оң дамуына кесірін тигізіп, психологиялық көңіл-күйлеріне нұқсан келтіреді. Қазір елімізде өзекті мәселенің алдын-алу шалары күшейтіліп келеді. Осы орайда  Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек  ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық салада 3903 шақырту тіркеліп, 3316 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2998 қорғау нұсқамасы беріліп, 406 құқық бұзушыға мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Қорғау нұсқамасын бұзған 198 адам мен сот белгілеген шектеулерді орындамаған 134 адамға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзған 217 адамға айыппұл салынып, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 2266 адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 113 адам маскүнемдік пен нашақорлық бойынша мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Шымқалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 262 жасөспірім және тұрғын үйден тыс жүрген 5693 жасөспірім анықталды. 155 мекеме балалардың заңды өкілінсіз сағат 22:00-ден кейін жүруіне жол бергені үшін жауапқа тартылды. Қадағалаусыз қалған 408 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім 286 жасөспірім және 154 немқұрайлы ата-ана ІІО есебіне қойылды.

Қаңтар айынан бастап Шымкент қалалық Полиция департаменті жанынан Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімдері құрылып, қызметін бастады. Бұл бөлімшелер учаскелік полиция инспекторларымен бірге аумақты аралап, сауалнама жүргізіп, тұрмысы жайсыз отбасыларды анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жәбірленушілермен түсіндіру кездесулері өтіп, жазбаша арыз түскен жағдайда құқық бұзушыларға заң аясында шара қолданылады. Бөлім қызметкерлері 100-ден астам мекенжайға барып, тіркеуде тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер