Әрбір нысан қаланың ажары

image.png

Бүгінде Шымкент қаласы жаңа леппен, жаңа қарқынмен дамуда. Қаланың сәулеті, әсемдігі мен көркі архитекторларға тікелей байланысты. Кез — келген құрылыс нысанын салғанда кеңес мүшелері бір кісідей атсалысу қажет. Себебі, тарихи қаланың заманауи келбеті әсем, ерекше болуы қажет. Осыған орай қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрінісін бір үлгіге келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айталық, басқарма басшысы жауапты сала мамандарымен бірге Сайрам көшесі бойындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысан алдындағы аумақты абаттандыру және сыртқы бөлігін заманауи талаптарға сәйкестендіру міндеттерін түсіндірді.  Жұмыстар бекітілген бірыңғай эскиз негізінде жүзеге асырылады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аталған шаралар қала келбетін көркейтуге, сәулеттік үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Егер белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы негізінде жауапкершілік қарастырылған. Таза, үйлесімді әрі көрікті қала — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз дейді мамандар. 

Айта кетсек, қаланың  сәулеттік келбеті жаңаша көрікке еніп келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес  басты көшелерді бірыңғай стильде дамыту мақсатында 62 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл бастама қала тұрғындарына эстетикалық жағымды орта құруға бағытталған және Шымкенттің заманауи қалалық бейнесін нығайтуға үлкен үлес қосуда. Маңызды жоба - қаладағы үш ауданның тұрғын үйлерін қамтыды. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында 32 көпқабатты тұрғын үй, Қаратау ауданында - 18 үй, ал Тұран ауданында - 12 үйдің қасбеті жаңартылды. 

Сондай-ақ Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына көркем муралдар салу арқылы қала көркін жақсарту жұмыстары қолға алынуда. Бұл бастама тұрғындарға эстетикалық ләззат сыйлап, қаланың көркін ашады. Атап айтқанда, А.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров көшесінде, және Теріскей шағынауданындағы бірнеше үйлердің қасбеттеріне муралдар салынады. Ауданда ирригация жүйесі бар көшелердің жалпы ұзындығы 173,7 шақырымды құрайды. 2025 жылға қарай 13 мекенжайда ұзындығы 2,82 шақырымды құрайтын жаңа ирригациялық жүйе орнату жоспарланған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер