«Ордабасыда» кадрлық өзгерістер орын алды

image.png

Шымкентте  спорт саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Спорттық инфрақұрылымның дамуы тұрғындардың дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай туғызған. Соңғы жылдары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға басымдық берілуде.  Жалпы 2035 жылға дейін қалада  300-ден астам спорт нысанын ашу көзделіп отыр. Қалада бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі 2029 жылға дейін 50 пайызға, ал, 2035 жылға қарай 55 пайызға дейін жетеді деп жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік-спорттық тапсырыстың аясында жұмыс істейтін секциялардың саны 2029 жылға 500-ге жетіп, онда 25 мыңнан астам бала спортпен шұғылданатын болады. 

Мемлекеттің спортты дамытуға бағытталған саясаты тек дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың ғана емес, кәсіби спорттың да дамуына жол ашып отыр. Мәселен Шымқалада футболды дамытуға басымдық беріліп отыр.  Осы орайда Шымкент қаласының намысын талай додада қорғап жүрген «Ордабасы» футбол клубында елге айтар жаңалықтар көп. 

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек  футбол клубының жаңалықтарымен бөлісті. Айтуынша   «Ордабасы» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алған. . Белгілі жергілікті футболшы Таңат Нөсербаев клубтың спорт директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Қайрат Әшірбеков клуб құрылымында жұмысын жалғастырады.

Таңат Нөсербаев кәсіби футболдағы мансабында бірнеше қазақстандық клубтың намысын қорғаған. 2014 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны атанған тәжірибелі ойыншы былтыр футболдағы мансабын аяқтап, спорт менеджменті саласында еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда «Ордабасы» командасы Грузияда оқу-жаттығу жиынында жүр. 10 шілде күні шымкенттік клуб UEFA Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Торпедо Кутаиси» командасымен кездеседі. Жауапты матч 17 шілдеде Шымкентте өтеді.

Сонымен қатар, осы аптада 13 шілде күні «Ордабасы» Қазақстан Премьер-Лигасы аясында өз алаңында «Астана» командасын қабылдайды. Бұл апта шымкенттік клуб үшін ерекше маңызды болғалы тұр – Еуропа бәсекесі мен ішкі чемпионаттағы шешуші ойындар қатар өтеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Халық қалаулысы мәдениет және өнер қызметкерлерімен пікірлесті
  • Қайнарбұлақ тұрғындары дән риза
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер