Жастардың еңбекке құштарлығы артып келеді

image.png

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі адамдарды сыртқы көмекке жүгінуге мәжбүр етеді, бұл өз кезегінде патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың артуына әкеледі. Жастардың бойындағы патерналистік көңіл-күйдің қалыптасуы қауіпті әрі қиын жағдай. Себебі елімізді гүлдендіретін осы жастар емес пе? Жастардың масылдыққа бой алдырмай, еңбекке баулудың бір жолы жұмысқа орналастыру.  Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда.

Шымкент қаласында өткен жылы 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алса, оның ішінде 2 456 жолдама «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі.

Мегаполисте мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамыз айында Шымкент қөаласының Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада өзі игерген мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіруде.

– Балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан осы мамандықты таңдап, білім алдым. Жұмыс іздеу барысында Еңбек мобильділігі орталығына жүгінгенімде, мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасы туралы түсіндіріп, осы балабақшаға жолдама берді. Өзім таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтап жатқаныма және осындағы тәжірибелі тәрбиешілермен әріптес болғаныма өте қуаныштымын. Оқу орнын аяқтаған жас түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға шақырамын, – дейді Динара Ахимбаева.

Мамандардың айтуынша Шымкент қаласында жыл басынан бері 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. Сонымен қатар, 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына бағытталды.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер