Шымкенттік жастар еңбектен қашпайды

image.png

Жастарды жұмыспен қамту және оны белсенді қолдау мәселелері  күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Себебі елдегі масылдық деңгейін төмендету мәселесі өте маңызды. Осыны ескере отырып, мемлекет пен басқа да әлеуметтік институттар жастар секторын дамытуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылуда. 

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әлеуметтік жәрдемақыларға , мемлекеттік көмектерге негізсіз ұмтылу ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетін тұрақты өмір салтын қалыптастыруы мүмкін деп өзінің алаңдаушылығын білдірді. Ол бұл мәселе бойынша түбегейлі өзгерістер енгізіп және адамдардың санасын өзгерту қажет екенін атап өтті.

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласында жастардың үлесі басым. Жігерлі жастардың мемлекетке масыл болмай, екі қолға бір күрек табуы, еңбек етуі ол сол елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі болып саналады. Осы мақсатта Шымқалада жастарды жұмыспен қамту шаралары ойдағыдай атқарылып келеді. Мамандардың мәліметінше, Шымкент қаласында биыл 7 500 жасты тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жыл басынан бері осы жоспардың аясында 1 763 жас түлек тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл – жастардың кәсіби болашағын қалыптастыруға бағытталған нақты шаралардың нәтижесі.

Оқу орнын бітірген соң бірден жұмыс табу – әрбір жас түлек үшін маңызды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің 2024 жылғы түлегі Аяжан Мәдіхан — осындай мүмкіндікке ие болған жастардың бірі. «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша білім алған Аяжан бүгінде «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» акционерлік қоғамына І санатты жерге орналастыру инженері болып жұмысқа орналасқан.

– Қазақ үшін жер дауы – әрқашан өзекті тақырып. Гүлденіп келе жатқан Шымкент қаласында мен таңдаған мамандық сұранысқа ие болатынына сендім. Диплом алған соң жұмыс табуға қатысты күмәнім болғанымен, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудан кейін сенімім артты. Қазір өз мамандығым бойынша қызмет етіп, үлкен тәжірибе жинап жатырмын, – дейді Аяжан Нұркенқызы.

Жас мамандарға жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатында Шымкентте аудандық мансап орталықтары жұмыс істейді. Мұнда жастарға кеңес беріліп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Атап айтқанда, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» секілді жобалар жас түлектерге алғашқы еңбек жолын бастауға сеп болуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Бірыңғай ваучер жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді
  • Тазалыққа тұрғындар да ат салысып келеді
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер