Еңбек етемін дейтін жанға қолдау бар

image.png

Мемлекеттің  экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік дамуына  кедергі келтіретін кеселдің бірі – масылдық.  Президент Қ.Тоқаев жүйелі реформа құруға тосқауыл болып отырған масылдық психология екенін жиі айтып келеді.  «Масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке орай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз», – деп оны жою үшін тізе біріктіруге шақырды. Масылдықты тек еңбек жеңбек. Шымкент қаласында тұрғындарды патерналистік көңіл-күйден арылту мақсатында азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.  Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтарды қоғам өміріне белсенді тарту және олардың еңбекпен қамтылуына мүмкіндік жасау — бүгінгі күннің маңызды міндетінің бірі. Осы бағытта қаладағы Еңбек мобильділігі орталығы ауқымды жұмыстар атқаруда.

Орталықта 2025 жылға 1 120 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған.

Орталық арқылы 314 адам жұмыспен қамтудың түрлі белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда: 132 адам тұрақты бос жұмыс орындарына; 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 93 адам қоғамдық жұмыс орындарында орналастырылды; 9 адам «Жастар практикасына» қатыстырылды; 1 адам алғашқы жұмыс орны бағдарламасы аясында, 11 адам “Күміс жас” жобасы арқылы еңбекке тартылды; 60 адам “Бастау Бизнес” жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуда.

Еңбекке тартылғандардың арасында қала тұрғыны Хасан Казахбаев та бар. Ол еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар тұлға ретінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бүгінде ол Еңбек мобильділігі орталығының Қаратау ауданы бойынша «Мансап» орталығының жолдамасымен аудан әкімдігіне қарасты “Каратау” КММ -де қоршаған ортаның тазалығына жауапты қызметкер болып жүр.

Әріптестері Хасанның  ұқыптылығы мен өз жұмысын аса жауапкершілікпен орындайтынын алға тартады.

Мегаполисте мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында  қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Қаулысына сәйкес, қала аумағындағы 60 мекемеде 200 жұмыс орнына квота белгіленген. Бүгінгі таңда 31 азамат осы квота шеңберінде жұмысқа жолданып отыр.

Еңбек мобильділігі орталығы алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту және еңбек нарығына тарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Бірыңғай ваучер жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді
  • Тазалыққа тұрғындар да ат салысып келеді
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер