Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар азайған

image.png

«Реформа жүргізгенде әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажет. Яғни, бөлінген қаржыны барынша тиімді жұмсап, оны шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға беру керек. Қазіргі таңда 4,5 миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар. Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деген болатын.  

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте халықтың әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету және оларды тиісінше жұмыспен қамтып, тұрмысын түзеуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Қалада әлеуметтік көмек алушылар саны азайып, тиісінше мемлекетке пайдасын тигізіп отырған азаматтардың қатары артқан.  2025 жылдың ІІ тоқсанындағы мәліметке сәйкес, АӘК 4 375 аз қамтылған отбасына, яғни 23 285 адамға тағайындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,5 % азайған. Мұндай оң нәтиже қаланың белсенді жұмыспен қамту шараларының арқасында мүмкін болып отыр.

АӘК шеңберінде көрсетілетін қолдау бірнеше бағытты қамтиды:

- аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлемдер;

- жұмысқа орналастыру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары мен кәсіпкерлікке арналған гранттар;

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, әр балаға 5 898 теңге (1,5 АЕК) көлемінде қосымша ай сайынғы төлем қарастырылған.  Бүгінгі таңда бұл көмек 3 901 отбасындағы 21 144 балаға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасындағы әрбір мүшенің жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын жағдайда ғана беріледі. 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70 % құрап, 36 252 теңге көлемінде белгіленген.

Көмек алушылардың ішінде 6 039 адам – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Олардың ішінде 2 823-інің жүгіну кезінде тұрақты жұмысы болған. Қалғандары жұмыспен қамту шараларына тартылған. Атап айтқанда:

-  43 адам – тұрақты жұмысқа,

-  19 адам – қоғамдық жұмыстарға,

- 2 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына,

- 1 адам – жастар практикасына жолданған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер